Қалта ұрлығымен күрес басталды
9 Июня 2017 (10:32) | 4229 | Автор: Мира Ботабекова
2017 жылдың 5 айында Ақтау қаласы аумағында 1 қалта ұрлығы дерегі тіркелді, қазіргі таңда ашылмай тұр. Аталған ұрлық дерегін ашу мақсатында қылмыстық іс бойынша Аудандық, қалалық ІІБ-на қылмыс бойынша бағыттама жіберіліп, қазіргі кезде жедел іздестіру шаралары жүргізілуде.
Сонымен қатар Ақтау қаласы аумағында қалта ұрлығымен күресу, қылмыстарды ашу жұмыстарын жандандыру, алдын алу және тиімділігін арттыру мақсатында бірқатар шаралар жүргізілуде.
Яғни ағымдағы жылдың маусым айының жетісі мен тоғызы аралығында Ақтау қаласы көлемінде Ақтау ҚІІБ бастығының бұйрығымен (бұйрық №88) «Қалта ұрысы» атты жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Аталған іс-шара кезінде Ақтау ҚІІБ жеке құрамы арасынан барлығы 28 қызметкер қатыстырылды. Оның ішінде криминалдық полиция бөлімінен 8 қызметкер, жергілікті полиция бөлімінен 20 қызметкер бөлінді.
Қалта ұрлығының алдын алу мақсатында ЖПҚ қызметкерлерімен бірлесіп тұрғындарға ескерту, қала аумағындағы халық көп шоғырланатын базарлар мен сауда орталықтарында, маршруттық автобустарда буклеттер жапсырылып, ол жердегі сатушылармен автобус кондукторларына түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қалта ұрлығымен айналысатын және сотталған тұлғалардың суреттері салынған буклеттер таратылып, көрген жағдайда хабарлауы ескертілді. Сонымен қатар бұрын қалта ұрлығымен сотталғандар арасында профилактикалық шаралар жүргізілуде. Бұл туралы Ақтау ҚІІБ криминалдық полиция бөлімі хабарлайды.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему