Соттар әкімшісі бос орындар жәрмеңкесіне қатысты
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 11:22
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Соттар әкімшісі бос орындар жәрмеңкесіне қатысты

29 Мая 2017 (18:07) | 1892 | Автор: Мира Ботабекова

 

 

Ақтау қаласында облыстық бос орындар жәрмеңкесі өткізілді. Еңбек нарығында сұраныс пен ұсыныстың сай келуін қамтамасыз етіп, жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру, мемлекеттік қызметке тартып, қызығушылығын ояту мақсатында өткізілген іс-шараға «екі қолға бір күрек» таппай жүрген жұмыссыз азаматтар мен басқа жұмысқа орналасуға ниет білдірушілер қатысты.

 

Облыстық жәрмеңкеге Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісінің персоналды басқару бөлімінің басшысы Қ.Нұрғабылұлы мен осы бөлім қызметкерлері де қатысып, өңір соттарындағы бос орындар туралы ақпарат берді. Сондай-ақ, кадр қызметкерлері қатысушыларға мемлекеттік қызметке кірудің жалпы тәртібін түсіндіріп, түрлі сауалдарына жауап берді. Жәрмеңкеде сот саласында қызмет атқаруға ниет білдіргендер саны аз болған жоқ. Соның ішінде мемлекеттік және штаттан тыс қызметкерлерге қойылатын талаптарға сәйкес келетін 10 азаматтың түйіндемелері назарға алынды. Алдағы уақытта олар жалпы конкурсқа қатысып, өз білімдерін көрсетіп, шекті балл жинай алған жағдайда, сот жүйесі тағы да жас мамандармен толықтырылатын болады.

 

Бүгінгі күні облыс бойынша соттарда қызметкерлердің штаттық саны 301 болса, соның ішінде 10 бос жұмыс орны бар.

 

«Бос орындар жәрмеңкесі» жұмыссыз азаматтарға өзіне ыңғайлы жұмыс табуға, жұмыс берушіге жұмыс орнын жабдықтауға мүмкіндік берді. Бұл туралы Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісінің персоналды басқару бөлімінің бас маманы Гүлзат Жидебаева хабарлады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему