Мұнайлы ауданының әйелдері үшін киізден қолөнер бұйымдарын дайындау тренингі ұйымдастырылды
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 05:23
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Мұнайлы ауданының әйелдері үшін киізден қолөнер бұйымдарын дайындау тренингі ұйымдастырылды

25 Августа 2015 (15:26) | 1830 | Автор: Нурганым Имашева

 

Бүгінгі таңда үлкен қарқынмен дамып келе жатқан Мұнайлы ауданында статистикалық мәліметтерге сай, 130 000-ға жуық тұрғын бар. Аудан халқының көп бөлігін көпбалалы жанұялар, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасылар, жақын шетелдерден қоныс аударған оралмандар және ел ішіндегі миграциялық үрдістің нәтижесінде өзге аймақтардан көшіп келген азаматтар құрайтындықтан, елді мекен тұрғындарының басым көпшілігі жұмыссыздар болып табылатыны жасырын емес.

 

Жұмыссыздық әсіресе жастар мен әйелдер арасында кең орын алуда. Осы әлеуметтік мәселені шешуге өз үлесін қосуға бел буған «Zhas Даурен» жеке меншік мекемесінің директоры Әлия Ахметова Мұнайлы ауданының елді мекендерінде тұратын қыз-келіншектерге арналған киізден қолөнер бұйымдарын дайындау технологиясын үйрететін 5 күндік тренингті ұйымдастырды.

 

-Бұл жобаны жүзеге асыруға бізге БҰҰ даму бағдарламасы (ПРООН) қолдау көрсетіп отыр. Аталмыш ұйымның қаржылай грантын жеңіп алған соң, аудандағы әйелдер арасындағы жұмыссыздықты азайтуға өз септігімізді тигізуді мақсат еттік.

Отбасы, ошақ қасында жұмыссыз отырған әйелдерді киізден қолөнер бұйымдарын жасаудың технологиясына үйретіп, осы арқылы болашақта олардың өз кәсіптерін ашып, осы істі одан әрі дамытуына көмектесуді ойладық.

Сондықтан хабарландыру жасап, әйелдерді осы семинарға шақырдық. Бес күн бойы оларға киізден әртүрлі бұйымдар дайындаудың қыр-сырын үйретудеміз. Болашақта бұл әйелдеге өздері дайындаған бұйымдарын түрлі көрмелерге қою арқылы көпшілікке танытуға көмектесетін боламыз. Қалада ұйымдастырылатын мерекелік шаралар мен фестивальдер кезінде сыйкәде ретінде бұл бұйымдар, әсіресе өңірге келетін туристер арасында сұранысқа ие екені белгілі.

Әйелдер тренингке белсене қатысып, киізден түрлі бұйымдар дайындаудың технологиясын қызыға үйренуде. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы игі істер өз жалғасын таппақ,-деді «Zhas Даурен» жеке меншік мекемесінің директоры Әлия Ахметова.

 

Осы тренингте қолөнерді үйретуші-жаттықтырушы болып қызмет атқарушы, «Жастар жетістіктері» қоғамдық қорының жоба үйлестірушісі Айгүл Абылдаеваның айтуынша: «Бес күндік семинарда ауыл әйелдеріне 5 жаттықтырушы дәріс берді. Олар-халықаралық деңгейдегі шебер, облыстық өлкетану мұражайында жұмыс жасайтын Сағынаева Әуес, Жетібай кентінен келген жаттықтырушы Айнұр Қилыбаева, түрлі көрмелердің жеңімпазы Жұманова Жаңылхан апай, сосын төртіншісі өзім болсам, бесінші тағы бір үйретушіміз бар.

 

 

Киізден түрлі бұйымдар дайындау қазақ халқы үшін таңсық дүние емес, ол ата-бабамыздан келе жатқан өнер. Соны ауыл әйелдері одан әрі дамытып, әрі өзінен кейінгі жастарға үйретсін, өз кәсіптерін ашып, осы өнер арқылы табыс табуға ынталансын деген мақсатта осы семинарды ұйымдастырып отырмыз.

 

 

Ауыл әйелдері тек өз кәсіптерін ашып қана қоймай, осы өнер арқылы аймақтық түрлі көрмелерге қатысып, одан әрі өзге қалалардағы байқауларға да қатысуына біз бұдан кейін де мүмкіндік жасаймыз».

 

Тренингке қатысушылардың 5 күндік оқытуларға қатысу кезінде киізден дайындаған бұйымдарына көз салғанда көңіл толатындай. Үй ішіне киетін жеңіл аяқ киім, арулар тұтынатын сәнді клатч, қабырғаға ілінетін панно дейсің бе, әйтеуір, түрлі-түсті сәнді бұйымдар көздің жауын алардай әсем көрінеді.

 

Семинарға қатысушыларды сөзге тартып көргенімізде олар осы істі ұйымдастырушыларға деген алғыстарын жаудырды.

 

Мұнайлы ауданының Дәулет кентінен келген Сүйеубаева Дариға апай:

-Ескіден келе жатқан киізден бұйым жасау, кестелеу деген сияқты ұлттық брендтерімізді жаңартып жатыр ұйымдастырушы қыздарымыз. Бұларға айтар алғысымыз көп. Келгелі бізге жақсы нәрселерді көптеп үйретіп жатыр.

Әуес апай, Айнұр Қилыбаева, Жаңылхан апай, Айгүл, Әлия-барлығына шексіз ризамыз. Қажетті материалдармен өздері қамтамасыз етіп, бар жағдайымыздыжасап отыр. Біздің міндетіміз-тек үйрену ғана.

Ары қарай осы өнерді дамытуға деген ынтамыз өсе түсті. Келешекте бұдан өзге де нәрселерді үйретіп жатса, үйренуге біз дайынбыз.       

 

Басқұдық ауылының тұрғыны, 4 баланың анасы Көрпиева Нәзира да өз ойын қосты: «Жүннен түрлі бұйымдар дайындау өнерін үйрену бізге өте тиімді болып отыр. Түрлі сувенирлер дайындау арқылы фантазиямызды кеңейте түсіп, көптеген нәрселерді дайындаудың технологиясын үйреніп жатырмыз.

Шынымды айтсам осында келуге асығамын. Өз басым болашақта осы өнерді дамыту үшін өзімнің жеке цехымда ашсам ба деген ойым бар. Жүннен түрлі той шашуға арналған кәдесый өнімдерін жасау пайдалы әрі тиімді. Менің өзімнің бойымда ілмекпен тоқу өнері бар бұрыннан.

Біз үшін арнайы тренинг ұйымдастырып, пайдалы өнерге баулып жатқан қыздардың барлығына айтар алғысым шексіз».

                   

Мұнайлы ауданы, Басқұдық селосының 57 жастағы тұрғыны Жүсіпова Хадиша апай:

-Қолөнерді үйренсін, осы арқылы өздерінің жағдайын түзетсін деп ниет танытқан қыздардың баршасына көп рахмет. Осының бәрін ұйымдастырып жатырған Әлияға мың алғыс.

Бала кезімізде жүннен киіз, кілем, алаша тоқығанымызбен, мынадай қолөнер бұйымдарын жасамаушы едік. Енді заманның ағымына сай, мынадай өнерді де үйреніп жатырмыз. Өте пайдалы іс. Алдағы уақытта осы үйренгендерімізді пайдаға асырып, бұл өнерді дамыта түсеріміз анық,-деген өз пікірімен бөлісті.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему