Өзекті мәселелер талқыланды
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 10:24
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Өзекті мәселелер талқыланды

3 Октября 2016 (17:25) | 1808 | Автор: Нурганым Имашева

 

«Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар комиссиясының» отырысы өтті

2016 жылы 30 қыркүйекте облыс әкімінің орынбасары Ә.Шөжеғұловтың төрағалығымен облыстық Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының отырысы өтті.

 

 

Күн тәртібі бойынша үш мәселе қаралды: «2016-2017 жылдардағы күзгі - қысқы кезеңге Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылығы, әлеуметік сала және автомобиль жолдары объектілерінің дайындық барысы туралы»; «ТЖ жою және алдын алу мемлекеттік жүйесін дамыту бойынша іс-шараларды қаржыландыру және материалдық-техникалық, азық-түлік, медициналық және басқа ресурстар қорын құру, сондай-ақ Маңғыстау облысының аумақтық даму бағдарламасының орындалуы туралы»; «Маңғыстау облысының қорғалмаған елді мекендерінде өрт посттарын құру туралы».

 

Аталған сұрақтар бойынша Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысы, Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Аумақтық қорғаныс басқару және жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету қызметі» КММ басшысы жәнеМаңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасарлары баяндама жасады.  

 

Ары қарай, Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы,«МАЭК-Казатомпром» ЖШС, «КазТрансГазаймақ» АҚ МОФ, «Казавтожолы АҚ МОФ» және қала, аудан әкімдері сондай ақ, Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығы орынбасары тыңдалды. Мекеме басшылары қысқы кезеңге толықтай дайын екендігін мәлімдеді.

 

Бірінші сұрақты қарау барысында облыс бойынша табиғи газбен қамтамасыз етуде қиындық жоқтығы мәлімделді. Апаттық отынның нормативтік қоры 24 тоннаны құрайды. Жағатын мазут қоры 27 тоннаны құрайды. Мекемелердегі бекітілген Азаматтық Қорғаныс және Төтенше жағдай құрылымдарға сәйкес барлық қызметтер үнемі дайындықта екені атап өтілді.

 

Сондай ақ, «Қазавтожолы» АҚ МОФ басшысы бүгінгі күнге автомобиль жолдарына қызмет көрсететін 4 мердігер мекемемен келісім-шарт жасақталғанын мәлімдеді. Техникалар мен механизмдердің үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін 50 тонна жанар-жағар май қоры жасақталған, сонымен қатар, қысқы кезеңге арналған тайғаққа қарсы және инертті материалдар қоры 926 м.куб. құрайды.

 

Күн тәртібіндегі үшінші сұрақты талқылау аясында Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Камалов Рамиль Фаткулович облыстың шалғай орналасқан елді мекендерінде шығу техникасы бар өрт посттарын құру қажетілігі туралы мәселені көтерді.

 

Нәтижесінде, елді мекендерде өрт посттарын құру туралы шешім ТЖ комиссиясымен қолдау тапты, сондай ақ, есепті әзірлеп және құрылатын бөлімшелерді ұстауға жыл сайынғы қажетті қаражатты әкімшіліктің бюджеттік тапсырмасына енгізу туралы тапсырма берілді.

 

Сонымен қатар, 2017 жылға бюджетті құру кезінде ғарыштық мониторинг, сейсмозерттеу, Ақтау қаласында тұрпатты судан қорғау бекеті құрылысын салу және басқа іс-шараларды қолдау туралы ұсыныс жасалды.   

    

- Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар комиссиясы төрағасы кезекті отырысты қортындылай келе тиісті мекеме басшыларына, аудан және қала әкімдіктеріне күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша нақты тапсырмалар беріп, қабылданған Хаттаманың орындалу барысын қатаң қадағалауға алуға тапсырма берді,- делінген Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнәр Ходжабекова жолдаған хабарламада.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему