Білім көрмесі ұйымдастырылды
Курс валют в Актау
на 30/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
30 Ноября, 05:46
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Білім көрмесі ұйымдастырылды

15 Мая 2017 (20:19) | 3011 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

Ақтау қаласы 30 шағын ауданында орналасқан «Білім-инновация лицейінде» 12 мамыр 2017 жылы «Білімді ел-Мәңгі ел» тақырыбында білім көрмесі өткізілді.

Көрмені ұйымдастырушы «Білім-иннвовация лицейінің» басшылығы, ұстаздары және оқушылары.

«Білім көрмесін» өткізудегі негізгі мақсат – сабақта қолданатын инновациялық технологияларды, олардың тиімділігі мен қолжетімділігін көрсету, оқушылардың жасаған зертханалық тәжірибелерін басқаларға тарату. Салауатты өмір салтын ұстануды, зиянды әдеттерден аулақ болып, білім мен ғылымды терең меңгеруді насихаттау, «ЭКСПО-2017» көрмесіне жас дарындардың өз үлесін қосуына ықпал ету.

Оқушылар көптеген пәндер бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізіп, өздері жасаған эксперименттер мен макеттерді, робототехника үлгілерін, пәндік ойындарды Ақтау қаласының мектептерінен келген оқушылардың назарына ұсынып, бірге тамашалап, пікір, тәжірибе алмасты.

Көрменің ашылу салтанатына Маңғыстау облыстық білім басқарма басшысының орынбасары Мамаева Гүлмира Қасымовна, Педагогикалық шеберлік орталығының директоры Боранбаева Қатира Қарасаевна қатысып, алғыстарын білдірді.

Мектепте орналасқан білім көрмесі кімнің де болса қызығушылығын арттыратыны сөзсіз. Оның ішінде информатика пәні бойынша ойын және сезгіш роботтары, физика, химия, биология пәндерінен көрсетілген зертханалық жұмыстар оқушыларға үлкен әсер етті.

Математика пәнінен ұйымдастылған логикалық ойындар, қазақ, орыс, түрік халықтарының салт-дәстүрлері мен ұлттық тағамдары, түрік тілінен қазақ сөздерінің баламасын көрсету, Түркияның тарихи орындарымен таныстырып өтуі оқушылар назарынан тыс қалмады.

Химия пәнінен оқушылардың танымдық ойын дамытатын күнделікті өмірде қолданатын тәжірибелер, газ қауіптілігінен сақтану ережелері, т.б. ұсынылды. Биология пәніне қатысты адам ағзасына әсер ететін тағамдарды таныстыру, тарих пәнінен тарихи тұлғалардың көп жерлерде жарияланбаған фотосуреттерімен таныстыру оқушылардың қызығушылықтарын оятты.

Маңғыстау облыстық білім басқармасының қызметкерлері мен мектеп басшылары, мұғалімдер мен оқушылар көрмені қызықтап, өз ризашылықтарын білдірді.

Ғаниқызы Мадина

«Білім-инновация» лицейінің тарих пәні мұғалімі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему