Маңғыстау облысының өрт сөндірушілері Отанға және халыққа деген адалдық Антын қабылдады
14 Мая 2017 (21:29) | 2360 | Автор: Нурганым Имашева
Отан қорғаушылар күні және 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы жеңісінің 72 жылдығын мерекелеу қарсаңында Ақтау қ., Маңғыстау облысы ТЖ департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында жас буынның Отанға-Қазақстан Республикасына және халқына деген адалдық антын қабылдау рәсімі өтт.
Әскери борышқа адалдық салтанатты антын барлығы 54 жас буын – болашақ құтқарушылар қабылдады.
Салтанатты шараға Маңғыстау облысы ТЖ департаментінің басшы құрамы, ардагерлер кеңесінің өкілі Муханов Сейтмолда, азаматтық қорғау ардагерлері Людмила Федоровна Кравченко және Утеулин Айдарбек қатысты.
Құттықтау сөзімен Маңғыстау облысы ТЖ департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Қуанар Бекенұлы Базарбаев алға шықты. Ол жас қызметкерлерге анттың мән-мағынасы мен құтқарушыларға жүктелген құрметті және жауапты міндеттемелері туралы айтып өтті.
Қуанар Бекенұлы құтқарушы жас буынның сауатты маман, өрт сөндірушілер-құтқарушылардың дәстүрін жалғастыратын тәртіпті және ынталы жауынгерлер болатынына сенім білдірді.
Салтанатты шарада Қазақстан Республикасының әнұраны шырқалып, Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі мекемесінің байрағы көтерілді. Бұл туралы Маңғыстау облысы ТЖ департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы» хабарлады.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему