Ардагерлерге қаржылай сыйлық берілді
8 Мая 2017 (17:48) | 2394 | Автор: Мира Ботабекова
Маңғыстау облысында көзі тірі небәрі 38 Ұлы Отан соғысының ардагері қалған. Жеңіс мерекесі қарсаңында майдангерлер өңір жұртшылығының ыстық ықыласына бөленіп, сый-құрметке кенелді. Аймақ басшысы Ералы Тоғжановтан бастап, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері, мұнайшылар, теңізшілер, жастар мен мектеп оқушылары ардагерлердің үйіне барып, мерекелік тартуларын жасады.
Мәселен, тәртіп сақшылары ішкі істер саласында қызмет еткен соғыс ардагерлеріне 500 мың теңгеден, ал, «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясының еңбеккерлері өзге де ардагерлерге 270 мың теңгеден сыйлады. Сондай-ақ, майдангерлерге тұрмыстық техникалар тарту етілді. Мерекелік тәттілері тағы бар.
Бейбіт өмір үшін кеудесін оққа тосқан ардагерлердің ерлігі ұрпаққа үлгі. 93 жастағы Нұх Қапизов жауынгерлер тобының командирі болған. Украинаның 3 бірдей фронтында шайқасты. Талай оқ астында қалып, ауыр жарақат та алған. Тіптен үйіне 2 мәрте қаралы қағаз келіпті. 10 ұл мен қыз өсірген атай бүгінде 23 немере мен 15 шөберенің ортасында бақытты күн кешіп жатыр.
НҰХ ҚАПИЗОВ, ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ:
-Жеңіс күні мен үшін ұлы мереке. Себебі осы күнге жету үшін қаншама миллиондаған замандасым қыршынынан қиылды. Қаншама бала әкесіз, қаншама әйел жесір қалды. Өткенді ұмытпау керек. Өткеннің жақсы жақтарының бәрін бойына сіңіру керек жастар. Сондықтан патриот болып, өздерінің елін қорғау үшін бар жанын салу керек.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему