Ақтауда медицина қызметкерлерінің облыстық спартакиадасы өтті
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 12:39
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда медицина қызметкерлерінің облыстық спартакиадасы өтті

9 Июня 2014 (04:07) | 4532 | Автор: Редакция

 

Жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде аталып өтілетін ақ желеңді абзал жандардың кәсіби мерекесі қарсаңында «Мұнайшы» спорт кешенінде медицина қызметкерлерінің облыстық спартакиадасыұйымдастырылды.

 

Спорттық сайыстар 7-мамыр күні волейболдан (әйелдер және ерлер арасында), футзалдан (ерлер арасында) өтті.

 

Он жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан медициналық қызметкерлердің қалалық және облыстық спартакиадасын жыл сайын мамыр және маусым айларында өткізу игі дәстүрге айналған.

 

Аудандық спартакиада өңірде 2014 жылдың 14-21 мамыр аралығында өтсе, 17-18 мамыр күндері Ақтауда қалалық спартакиада ұйымдастырылып өткізілді. Аталмыш жарыстарға барлығы 27 команда қатысты.

 

Қалалық спартакиаданың қорытындысы бойынша жүлделі орынға ие болған командалар облыстық спартакиадаға жолдама алған болатын.

 

 

Облыстық спорттық додада Ақтау қалалық жалпы құрама командасы мен 5 аудандық (Жаңаөзен қаласы, Маңғыстау, Мұнайлы, Қарақия, Бейнеу аудандары) емдеу-сауықтыру мекемелерінің медицина қызметкерлерінің құрама командалары өзара жарысқа түсті. Спорттық сайыстарға барлығы 17 команда қатысты. Олардың 5-уі шағын футболдан жарысқа түссе, 11-топ волейбол ойынынан күш сынасты, оның 6-уы қыздар командасы болса, 5-уі ерлерден құралған топ.

 

Спорт – ауырмаудың адастырмас тура жолы, мықты денсаулықтың кепілі десек, бұқара халықты салауатты өмір салтын ұстанып, денсаулықтың мықты болуы үшін өздері де үлгі-өнеге көрсетуге даяр тұратын дәрігерлер қауымы спортты жандарына серік ететіні, көптеген спорт түрімен ерінбей шұғылданып, шымыр болатыны баршаға аян және бұл-кез-келгенді қызықтырар қадам.

 

Аймақтың аудандарынан келіп облыстық спорт жарыстарына белсене қатысқан спортшы-дәрігерлер қауымы жеңіске жету жолында барларын салып, құлшына ойнады.

 

Күні бойы өткен жарыстар кешке жақын аяқталып, спартакиаданың нәтижесі де белгілі болды. Жарыстардың қорытындысы бойынша, әйелдер арасындағы волейболдан Ақтау қаласының құрама командасы барлық топтарды жеңіп, оза шапты, нәтижесінде жүлделі І орынға көтерілді. Ал ІІ орынға-Жаңаөзен қаласы құрама командасының қыздары лайық деп танылса, Мұнайлы аудандық құрама командасы ІІІ орынды місе тұтты.

 

Ерлер арасындағы волейболдан І жүлделі орынды Жаңаөзен қаласы құрама командасының ойыншылары иеленді, ІІ-орында-Ақтау қаласының құрама командасы, ал жүлделі ІІІ орынға-Маңғыстау ауданының құрама командасы лайық деп танылды.

 

 

Шағын футболдан өткен жарыстың жеңімпазы атағын да-Маңғыстау ауданының құрама командасы жеңіп алса, ІІ орынға-Мұнайлы ауданының құрама командасы көтерілді, ал ІІІ-жүлделі орынға-Жаңаөзен қаласы құрама командасы табан тіреді.

 

Жарыс жеңімпаздары 13 маусымда облыстық филармония залында өтетін медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиында марапатталатын болады. Биылғы жылғы І орынға берілетін сыйақының көлемі де өсті. Ол-100 000 теңге мөлшеріндегі сертификат. 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему