1 мың 537 мемлекеттік қызметкер сынақ тапсырды
28 Апреля 2017 (12:53) | 1705 | Автор: Мира Ботабекова
Маңғыстау облысында 1 мың 537 мемлекеттік қызметкер міндетті аттестаттаудан өтті. Сынақты сәтті тапсырған 200 адамның лауазымын көтеру ұсынылды. Тағы 1 мың 297 маман өз қызметіне лайықты екенін дәлелдеген. Ал сынақта сыр берген 25 қызметкердің мансабы төмендеп, 15 адам қызметінен босатылуы мүмкін.
«Б» корпусы қызметшілерінің кәсіби дайындығын айқындайтын шараның үшінші кезеңі мамыр айында жалғасады. Әңгімелесу түрінде өтетін сынаққа 247 маман қатысады деп жоспарланған.
Шолпан Шақабаева, өңірлік статистика департаментінің басшысы:
- Сынақ тапсыруға өзге де мемлекеттік құрылымдармен қатар өңірлік статистика департаментінің қызметкерлері де қатысты. 46 маманның барлығы бірдей кәсіби біліктілігін дәлелдеп, аттестаттаудан сүрінбей өтті.
Нұрсұлу Құрманбаева, қалалық қаржы бөлімі басшысының орынбасары:
- Маған бұл аттестацияның көрсеткен мүмкіндігі зор. Қазіргі технология дамыған заманда әрбір мемлекеттік қызметкер өзінің білімін жетілдіруі қажет деп санаймын.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему