Маңғыстауда «Шыңырау» фильмі түсіріліп жатыр
27 Апреля 2017 (12:41) | 2299 | Автор: Мира Ботабекова
Жақында Әбіш Кекілбайдың "Шыңырау" повесінің желісімен фильм жарыққа шығады. Қазір түсірілім тобы Түпқарағанның ең көрікті жерлерінде жүр. Актерлердің қатарында "Жау жүрек мың бала" фильмімен көпшілікке танылған Асылхан Төлепов пен бірге "Кек" фильмінде басты рөлдердің бірін ойнаған Алдабек Шалбаев та бар. Айта кетейік, қаламгер бұл повесінде сирек кездесетін ауыр кәсіп иелері - құдықшылардың өмірі туралы суреттеген. Бұл туралы «Қазақстан-Ақтау» телеарнасы хабарлайды.
"Қазақфильм" киностудиясының өзі "Шыңырау" фильмін түсіруге сұлулық тұнған Қаңға баба мекенін таңдап алыпты. Фильмнің сценарийі - 4 жыл бойы жазылған. Оны Әбіш Кекілбаевтың өзі оқып шыққан. Бастапқыда Еңсептің психологиялық болмысына риза болмаса, соңғы нұсқасына көңілі толыпты.
Қазір түсіру алаңында режиссер, оператор, қоюшы оператор, актерлерді қосқанда 50 адам бар. Ауа-райына қарамастан, бір кадрды бірнеше рет түсіруден жалықпайды.
Еңсептің атышулы құдығын қазуға уақыт керек екен. Себебі, киноның көп бөлігі сол құдықта өтеді. Фильмге қажетті реквизиттер, жергілікті тұрғындардан жиналған. Ал, негізгі декорация - балықшылардан қалған көне үйлер.
Бақтияр Ахметов - суретші декоратор:
-Бұл мекеннен 1963 жылы көшіп кеткен. Содан қалған үйлерді он күн ішінде біз қалыпқа келтірдік. Көп еңбек жасалды.
Көркемфильмнің басты киіпкері - Еңсеп - мінезі ауыр, қолы шебер құдықшы. Оны Сүйінқара батырдың рөлін ойнаған Алдабек Шалбаев сомдайды. Ол Әбіштің шығармаларын сүйіп оқиды.
Алдабек Шалбаев – актер:
-Бағым шығар, 1983 жылы армияға кетіп бара жатқанда, Әбіштің шығармасын қол кітабы ретінде алып кеткен екенмін. Қазір жазулы тұр. Міне, қанша жыл болды, қойын кітап ретінде өзіммен алып жүрем. Шын мәнінде бұл шығарма өте күрделі, өте мағыналы.
"Шыңырау" фильмі осы жылы кинотеатрларға жол тартады.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему