Жомарт жанды дәрігер
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 14:55
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жомарт жанды дәрігер

24 Апреля 2017 (18:08) | 2062 | Автор: Мира Ботабекова

 

 

Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің. Мұқтаж жандарға қамқорлық танытып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу – ақтаулық азамат Иманғазы Досмұханбетовтың өмірлік ұстанымы. Ол бірнеше жылдан бері мүмкіндігі шектеулі балаларды тегін емдеп келеді. Күніне оншақты балаға ақысыз массаж жасайды. Белсенді дәрігер «Біз біргеміз» қайырымдылық қорын құрып, жалғызбасты аналарға, көп балалы отбасылар мен мүгедек балаларға қамқорлық танытып жүр.

13 жасар Нұрдәулетті әжесі мен анасы кезекті ем шарасына алып келді. Ол туылғанынан сал ауруына шалдыққан. Жүре алмайды. Дәрігерлер баланың денсаулығын жақсарту үшін үздіксіз массаж қабылдау қажет екенін айтқан. Екі айлық ем курсынан кейін Нұрдәулет өзін жақсы сезіне бастады.

Сәуле Сүйішбекова, Ақтау қаласының тұрғыны:

-Осында келгелі баламыз ашылып, жақсарды. Бұрын олай жасамайтын еді. Біраз ілгерілеу бар. Иманғазыға рахмет. Бақытты болсын. Қазір массаждың бәрі ақылы. Ал, бізге массажды жиі-жиі қабылдап тұру керек. Оған қаражатымыз жетпейді. Көмек қолын созып, тегін массаж жасап беріп жүрген Иманғазыға алғыстан басқа айтарымыз жоқ.

Иманғазы Досмұханбетов өз үйінде күніне денсаулығы нашар оншақты балаға ем жасайды. Ол бұл қызметіне ақы алған емес. Керісінше, мүгедек балалардың аналарына тегін массаж жасауды үйретеді. «Қаражаттарын баланың массажына жұмсағанша, қажетті азық-түлік, киім-кешегін алсын. Мүгедек баланы асырау оңай емес»,-дейді жомарт дәрігер. Иман Досмұхамбетовтың он жылдан бері жүздеген баланың сауығып кетуіне септігі тиген.

Иманғазы Досмұханбетов:

-Қамқорлықты қажет ететін жандарға қолұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам басады. Қайырымдылық жасауды қаржылай көмек көрсету ғана деп ұқпау керек. Сөзбен де, іспен де, басқа жолдармен де көмектесуге болады. Жақсылық жасау қолыңнан келіп тұрса, қуаныш сыйлауға мүмкіндігің жетіп тұрса неге қолұшын созбасқа?!

Ол игі істерге қосқан үлесі үшін былтыр аймақта «Жыл адамы» атанды. Өзі сияқты азаматтармен бірлесіп, «Біз біргеміз» қоғамдық қорын құрды. Аталған қор өңірдегі көп балалы отбасылар, жалғызбасты аналар мен мүгедек балаларды қамқорлықтарына алған. Түрлі қайырымдылық шараларын өткізіп отырады. Жуырда көп балалы аналардың көмегімен сенбілік ұйымдастырып, жағалауды тазалауға атсалысты. Өткен аптадан абстап тұрмысы төмен отбасыларға ет таратуға кірісті.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему