Құрамында улы элементтер табылған жұмыртқалар сатылымда жоқ
15 Апреля 2017 (11:20) | 2733 | Автор: Мира Ботабекова
«Маңғыстауда өсетін тауық жұмыртқасы тұрғындар үшін қауіпсіз. Өйткені, құрамынан улы элементтер табылған құс өнімі сатылымда жоқ». Бұл туралы қатерлі жұмыртқа құрамын зерттеген тәуелсіз экологтар мәлімдеді. Сынамалар Шетпе, Таушық және Басқұдық елді мекендерінен алынған. Мәселе тұрғындардың тұрмыстық қалдықтарды аулада өртеуінен туындайды. Салдарынан жерге төгілген химия аралас өсімдікті үй құсы жейді. Осыдан жұмыртқа сапасы бұзылады. Бұл пікірге жергілікті ветеринар-мамандар да қосылады. Маңғыстауға тауық жұмыртқасы көршілес өңірлерден тасымалданады. Ақтауға жеткен тауардың құжаты тексерілген соң дүкендерге босатылады.
Кирилл Осин, тәуелсіз эколог:
-Біз Ата заңда жазылған қоғамдық ұйым құқығы негізінде әрекет етеміз. Үй жұмыртқасынан улы элементтердің табылуы тұрғындардың аула күтіміне немқұрайлы қарауынан. Бұл мәселе осыған дейін көтерілген түйе сүтіне де қатысты. Зерттеулер нәтижесін көпшілік талқысына салып, шешу жолдарын мемлекеттік органдармен бірлесе қабылдаймыз.
Нұрсұлтан Дүйсебек, өңірлік ветеринария басқармасының бөлім басшысы:
-Жұмыртқаның көпшілігі бізге сырттан тасымалданады. Негізінен, Ресейдің Орынбор облысынан келеді. Жеке үйлердегі бес-алты тауық бүкіл базарға қауіп төндірмейді. Себебі, жаппай сатылымға әкелініп жатырған жұмыртқалар бізде түгел тексеріліп тұр .
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему