Облыс әкімі «Маңғыстау» волейбол командасына 1 млн теңге табыстады
14 Апреля 2017 (15:03) | 3115 | Автор: Мира Ботабекова
Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов «Каспий» волейбол клубы «Маңғыстау» командасының ойыншыларымен кездесті.
- Сіздерді лайықты өнер көрсетіп, чемпион атағына ие болуларыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Маңғыстау тарихында алғаш рет волейбол клубының ойыншылары Қазақстан Республикасы Чемпионатынан бірінші орын жеңіп алды. Сіздер – біз үшін мақтаныш, өзгелер үшін үлгісіздер! Сіздердің жеңісіңіздің артында үлкен еңбек пен қажырлы қайрат жатыр. Жеңіске әрқашан рухы мықты адам ғана жетеді. Елбасы спорттың – ұлт денсаулығы екенін бірнеше мәрте айтқан болатын және Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы ішінде Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен қалалар мен аудандарда бірқатар спорт нысандары салынуда. Сіздердің жеңісіңіз жастар арасындағы волейбол ойынының кең көлемде дамуына үлкен серпін береді, - деп атап өтті Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.
«Маңғыстау» командасы 2015 жылдың 1 тамызы күні Маңғыстау облысы Волейбол Федерациясының жанынан құрылған болатын. Ерлер арасындағы волейболдан Қазақстан Республикасы Чемпионатының 2016-2017 жылдардағы Жоғарғы лигасының қорытындысы бойынша «Маңғыстау» командасы 1-ші орын алып, еліміздің Чемпионатының Ұлттық лигасына қатысуға жолдама ұтып алды.
Аймақ басшысы Ералы Тоғжанов волейбол командасының ойыншыларына Алғыс хат пен 1 млн.теңгенің сертификатын табыстады.
- Ақтау қаласының әкіміне «Маңғыстау» командасының суреті бар екі билборд жасап, оларды облыс орталығындағы халық көп жүретін орындарға орналастыруды тапсырамын, - деді Ералы Тоғжанов.
Сондай-ақ, ҚР Волейбол Федерациясының президенті Нұртай Абықаевтың құттықтау жедел хаты оқылды.
Өз кезегінде, спортшылар Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановқа команда ойыншыларының қолы қойылған волейбол добын естелікке сыйға тартты. Доп мұражайда сақталатын болады.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему