Білім мазмұнының өзгеруі жағдайындағы білім беру үрдісін әдістемелік қамтамасыз ету
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 23:25
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Білім мазмұнының өзгеруі жағдайындағы білім беру үрдісін әдістемелік қамтамасыз ету

13 Апреля 2017 (17:56) | 3256 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

Жуырда Ақтау қаласындағы №17 орта мектепте мұғалімдерге арналған дөңгелек үстел өтті. Жиын «Білім мазмұнының өзгеруі жағдайындағы білім беру үрдісін әдістемелік қамтамасыз ету» тақырыбына арналды.

Аталмыш шара «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының 2017 жылға арналған жедел іс-шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырылған.

Дөңгелек үстел білім мазмұнының жаңаруы жағдайындағы әдіскерлердің, педагог мамандардың инновациялық әрекетіндегі жаңа идеялар және жаңа форматтағы педагог құзіреттілігі мен кәсіби дамуы бағытында жүргізілді.

Шараға облыстық әдістемелік орталық қызметкерлері, аудандық, қалалық білім үйлестіру орталықтарының, білім беру ұйымдарының әдіскерлері мен мектеп мұғалімдері қатысты.

Қатысушыларға «Білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы әдістемелік қызметті тиімді ұйымдастыру - сапа кепілі» (Сагиндыкова Э.О.-Жаңаөзен қаласының №18 орта мектептің әдіскері), «Ұстаздардың жаңа бағытта өзгеруі» (Атшыбаева Г.Б.-Маңғыстау ауданы, Жыңғылды ауылы Е.Айшуақұлы атындағы орта мектептің бейіндік жұмыстар жөніндегі орынбасары), «Білім мазмұнын жаңарту аясында бастауыш сынып оқушыларының дағдыларын арттыру» (Толепбергенова З.И.-Мұнайлы ауданы №5 жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі), «Жаңартылған білім беру жағдайында Блум таксономиясын қолдану»(Тобышова К.Ж.- Мұнайлы ауданы «№3жалпы орта білім беру мектебі» КММ мектеп директорының әдістемелік істер жөніндегі орынбасары), «Качественное изменение образования и формирование нового взгляда учителя на свое место и роль в учебном процессе» (Наушина С.Б.-инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы), «Ынтымақтастық оқытудағы мұғалімнің ролі» (Тулегалиев А.С.-инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің бастығы) тақырыптарында баяндамалар оқылып, білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мұғалімдерге әдістемелік көмек беру, озық педагогикалық идеяларды насихаттау, педагогикалық қызметкерлердің біліктілігі мен кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған озық іс-тәжірибелерді зерттеу, жинақтау және тарату мақсатында пікірлесу ұйымдастырылды.

Инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімі бастығы А.Төлеғалиев дөңгелек үстел жұмысын қортындылай отырып, қатысушыларға сертификаттар мен Алғыс хаттар тапсырды.

Бұл туралы «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің білімін арттыру институтының инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің мамандары хабарлады.

 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему