Наурызда жұртшылыққа сыйлық үлестірілді
22 Марта 2017 (15:53) | 3133 | Автор: Мира Ботабекова
Ақтауда Наурыз мерекесінің құрметіне халыққа 5 тонна бауырсақ пен 7 тонна палау және 3 мың тонна Наурыз көже таратылды. Сондай-ақ, шұбат фестивалі ұйымдастырылып, жұртшылық ұлттық сусыннан дәм татты. Өңірде бастау алған қайырымдылық шарасы аясында Наурыз тойға жиналған жұртышылыққа түгел сыйлық үлестірілді.
Қарт Каспийдің жағалауы бүгін шағын ауылға айналғандай. Мұнда қаз-қатар 25 киіз үй тігілді. Біріне алтын құрсақты аналар, екінші үйге өлкенің дамуына үлес қосқан ардагерлер, тағы біріне жер қойнауынан қара алтын игеріп жүрген мұнайшылар жайғасқан.
Маңғыстау өңірі бала туу көрсеткіші бойынша елімізде көш бастап тұр. Гүлзабира Төлепова 7 баланы дүниеге әкелген алтын құрсақты ана. Наурыз мерекесіне арнайы шақырылған батыр ана жұртшылыққа ақ тілегін арнады.
ГҮЛЗАБИРА ТӨЛЕПОВА, «АЛТЫН АЛҚА» ИЕГЕРІ:
-Бүгін батыр ана деп құрметтеп шақырып жатыр мерекеге, рахметімізді айтамыз. Аналарымыздың жүзі жарқын болып, көктемдей шуағын шаша берсін. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Дыбыстық қыстырма: ән айтылса
Көп балалы аналарға жергілікті кәсіпкерлер есебінен мерекелік сыйлықтар үлестірілді. Наурыз кәдеден бейбіт заманның батырлары да құр қалған жоқ. Бұл жігіттер - халықты түрлі апаттан, өрттен, қауіп-қатерден құтқарып жүрген ұлтымыздың мақтаныштары. Дәл бүгін бастау алған қайырымдылық шарасы аясында мерекеге жиналған жұртшылық түгел сый-құрметке бөленді. Бағалы сыйлықтар мен тәттілер сыйға берілді.
Жаңа жыл молшылық әкелсін деген ниетпен жағалауға жиналған халшыққа ұлттық тағамдар тегін таратылды. Бұл күні 3 мың тонна Наурыз көже, 5 тонна бауырсақ пен 7 тонна палау дайындалған. Түйе өсірумен айналысатын өңір кәсіпкерлері «шұбат фестивалін» ұйымдастырды. Ал, 16-ға толған жастарға облыс әкімі Ералы Тоғжанов жеке куәлік табыстады.
Ұлыстың ұлы күніне арналған тосын сыйлар мұнымен біткен жоқ. Өнер сүйер қауым үшін «Мақамы мәшһүр Маңғыстау» атты жыршы-термешілер байқауы өтті. Ұлттық дәстүрлер ұлықталып, келіннің беті ашылып, қаз басқан баланың тұсауы кесілді.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему