Ұлттық бұйым тігетін фабрика ашылды
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 01:00
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ұлттық бұйым тігетін фабрика ашылды

20 Марта 2017 (17:58) | 3500 | Автор: Мира Ботабекова

 

 

Мұнайлы ауданында ұлттық үлгідегі көрпе-төсек пен қыз жасауын дайындайтын тігін фабрикасы ашылды. Кәсіпкер Баян Абдуллаева көптен бергі мақсатын жүзеге асыру үшін мемлекеттік қолдаудың көмегіне жүгінген. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы арқылы 15 млн теңге несие алып, зәулім ғимарат тұрғызды. Өндірісті қажетті құрал-жабдықтармен жарақтап, жұмыссыз қыз-келіншектерді еңбекпен қамтыды.

 

Кәсіпкер Баян Абдуллаева ұлттық үлгідегі көрпе-төсек тігу ісін осыдан 4 жыл бұрын бастаған болатын. Жалға шағын ғимарат алып, цех ашқан еді. Кәсіпкердің қолынан шыққан бұйымдар көпшіліктің сұранысына ие болып, тапсырыс көлемі арта түсті. Қолғабыс ететін тігіншілер қабылданды.

 

«Ол цехқа 3-4 тігінші ғана сиятын, өндіріс көлемін арттыруға мүмкіндік болмады. Содан жеке ғимарат салсам, тігін цехын фабрикаға айналдырсам, деп алдыма мақсат қойдым. Бұл мақсатқа жетуіме мемлекеттік бағдарлама жол ашты. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы арқылы «Даму» қорынан 15 млн теңге жеңілдетілген неисе алдым. Ол қаржыға жүлкен ғимарат салдық, құрал-жабдық алдық»,-деді кәсіпкер.

 

700 шаршы метр аумақтың басым бөлігі өндіріске арналған. Мұнда жылына 2 жарым мыңдай ою түскен көрпелер мен құрақ көрпелер, жамылғы, жастық, перде және қыз жасауы дайындалады. Барлық дүние ою-өрнектермен көмкеріліп, ұлттық нақышта тігіледі. Фабрика алғашқы тапсырысты қабылдап үлгерді. Ақтаудағы қонақүйдің біріне кестеленген перде тігіп жатыр.

 

Баян Абдуллаева, кәсіпкер:

-Мен үшін мына тігіп жатқан өнімдеріміздің сапалы болғаны өте маңызды. Сол үшін арнайы жоғары сападағы материалдарды сатып аламыз. Жұмысшыларға деген талаптың бәрі сол бағытта. Сатып алушылардың ішінде де осы сапаны бағалайтындар өте көп. Сондықтан да сатып алушылардың да саны күннен күнге өсіп келе жатыр. Оны үлкен мақтанышпен айтамыз.

 

Фабрикада 16 шебер еңбек етуде. Барлығы да «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы арқылы жұмысқа орналасқан. Гүлжайна Әбілова аз уақыттың ішінде жаңа үлгідегі жабдықтарды меңгеріп алды. Қазір ол күніне 20 көрпе, жастықты кестелеп шығарады.

 

Гүлжайна Әбуова, тігінші:

-Мен бұл жерге оқу бітіргеннен кейін жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастым. Бұл жерге келгенде көп нәрсе білмейтінмін. Мұндағы тәжірибелі мамандар тігіншіліктің қыр-сырын үйретті.

 

Бүгінде ұлттық бұйымдарға деген сұраныстың артуына орай, Баян Абдуллаева көрші облыстарда сауда нүктелерін ашуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, өндіріс көлемін ұлғайтпақшы. Қосымша құрал-жабдық алу үшін 20 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие алмақ. «Даму» қоры жобаны мақұлдап та қойыпты. Бұл тағы да 30 жаңа жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік береді.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему