Балаларды қорғайтын байланыс орталығы жұмысын бастады
21 Ноября 2016 (16:28) | 1515 | Автор: Мира Ботабекова
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғауға арналған «111» байланыс орталығы жұмыс істей бастады. Кез келген бала еліміздің кез келген жерінен аталған телефон нөміріне xабарласып, өз құқықтарының бұзылғаны туралы арыз түсіре алады. Бұл туралы Қазақпарат агенттігі хабарлады.
Байланыс орталығы күні-түні жұмыс істейді. Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Зағипа Балиеваның айтуынша, бірде-бір баланың арыз-шағымы назардан тыс қалмайды.
«Қарашаның 20-сынан бастап желтоқсанның 1-іне дейін байланыс орталығы тесттік режимде жұмыс істейді. Оған xабарласқан баланың есімі құпияда сақталады. Біз болсақ, тиісті шараларды қолға алатын боламыз. Сондықтан барлықтарыңыз дайын болыңыздар. Біз баланың құқықтарын қорғай отырып, оның тиісті міндеттері де бар екенін түсіндіретін боламыз. 18 жасқа дейін оның толыққанды құқықтарымен бірге толыққанды міндеттері де болатынын жеткізуіміз керек», – дейді З.Балиева.
Оның айтуынша, байланыс орталығында жұмыс істейтін псиxологтар мен операторлар арнайы дайындықтан өткен.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему