Зейнетақы мөлшері өседі
17 Марта 2017 (17:46) | 2109 | Автор: Мира Ботабекова
Бүгін аймаққа келген ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова алдағы зейнетақылар мен жәрдемақылардың көтерілуі жайлы егжей-тегжейлі әңгімелеп берді.
«Ынтымақты зейнетақы жыл басынан 9%-ға көтерілгенін ескере отырып, тағы 11%-ға артатын болады. Базалық зейнетақы жыл басынан 7%-ға көтерілгенін ескере отырып, тағы 13%-ға артады. Нәтижесінде 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы мөлшерінің 2016 жылмен салыстырғанда 20 пайызға дейін жоғарылауы қамтамасыз етіледі. Бұл өсім барлық зейнеткерлерді немесе 2 миллионнан астам адамды қамтиды. Бұл санаттағы 45 мың адамның Маңғыстау облысында тұратынын айта кеткен абзал», - деді Тамара Дүйсенова.
Анығырақ тоқталсақ, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі зейнетақы мөлшері (базалық зейнетақыны есептегенде) 40 950 теңгені құрайтынын ескерсек, 2017 жылдың 1 шілдесінен 45 711 теңгеге дейін көтеріледі. Зейнетақының орташа мөлшері (базалық зейнетақыны есептегенде) 60 167 теңгеден (2017 жылдың 1 қаңтарындағы) 2017 жылдың 1 шілдесінен 66 676 теңгеге дейін жоғарылайды.
Бала туғанға байланысты төленетін бiржолғы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері 2017 жылдың 1 қаңтарынан 7%-ға артқан болса, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап тағы 20%-ға ұлғаяды. Нәтижесінде, 2016 жылмен салыстырғанда, 2017 жылы өсім 27%-ды құрайды.
Егер 2016 жылы бала туғанға байланысты төленетін бiржолғы мемлекеттік жәрдемақы бірінші, екінші, үшінші балаға 66 621 теңгені құраса, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 71 270 теңгені, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 86 222 теңгені құрайтын болады. Бала туғанға байланысты төленетін мемлекеттік жәрдемақы төртінші және одан кейінгі балаларға ағымдағы жылы 111 035 теңгені құраса, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап оның мөлшері 118 783 теңгеге дейін жоғарылады, ал 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 142 947 теңгеге тең болады.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему