Соттағы басқосу
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 01:16
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Соттағы басқосу

16 Марта 2017 (13:49) | 1547 | Автор: Нурганым Имашева

 

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Төрағасымен 2017 жылдың 26 қаңтарында бекітілген даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы ережені Ақтау қаласының №2 соты жуырда талқылады.

Шараға Ақтау қаласының №2 сотының төрағасы Қ.Рыскалиева, Ақтау қаласының №2 сотының судьялары, Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьялары, «Маңғыстау облыстық Азаматтық альянсы» қоғамдық ұйымының, «Тұтынушылардың ұлттық лигасы» Республикалық қоғамдық  бірлестігінің, Ақтау қаласының нотариустері, Маңғыстау облысы бойынша кәсіби медиаторлар, «НурикеСанРем» ПИК-нің және Банк өкілдері қатысты .

Ақтау қаласының №2 сотының төрағасы Қ.Рыскалиева тақырыптың өзектілігін атап өтті және пилоттық жоба екі бағытта, яғни, ұйымдастырушылық және ақпараттық бағыттарында іске асырылатынын мәлімдеді. Екінші бағытқа кеңінен тоқталған сот басшысы, пилоттық жобаны жүзеге асыруда оны БАҚ-та кеңінен насихаттап, халықты таныстыру керектігін айтты. Сонымен қатар, қатысушыларға жоба ережесіне сай медиацияны жүргізу тәртібін баяндады.

Шара барысында облыстық соттың бітімгершілікке келтіру рәсімдері бойынша үйлестіруші судьясы А.Нұрлымбаева және Ақтау қаласы №2 сотының соттың бітімгершілікке келтіру рәсімдері бойынша үйлестіруші судьясы Б.Б.Байғожаев қатысушыларға аталған жобаның маңыздылығын атап өтті.

Пилоттық жобаның мақсаты - даулардың (жанжалдардың) жекелеген санаттарын медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді азаматтық сот істер бойынша енгізу. Аталған жобаның міндеттері: татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейту, азаматтардың сот шығындарын барынша азайту, халықтың дауларды (жанжалдарды) соттан тыс реттеу мүдделігін анықтау.

Судья Байгожаев Б.Б.Ақтау қаласының №2 сотында медиация заңының белсенді қолданылып жатқандығын айтты. Өткен жылы сотқа жеткен азаматтық істердің 195-і медиация тәрібімен, ал 79 азаматтық іс бітімгершілікпен өндірістен тоқтатылған.                        Судья Б.Б.Байғожаев шараға қатысушыларға аталған жобаның тек судьяларға ғана жүктелмегенін, «жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші дөңгелек үстелге қатысушылардың барлықтарының  атсалысуымен атқарылатын жұмыс екенін жеткізді.

Сондай-ақ Еңбек дауларында міндетті түрде медиацияны қолдану жайын талқылаған шараға қатысушылар, бұл дауды реттеп қана қоймайды, сонымен қатар, бітімгершілікке келу барысында жұмыс беруші мен жұмыскердің бір деңгейде болуын қамтамасыз етеді деп есептейді.

«Медиацияны қолдану бойынша айтылған ескертулер мен ұсыныстар ескеріліп, «дөңгелек үстелге» қатысушылар мемлекет пен қоғам игілігі үшін тұрғындар арасындағы адами қарым-қатынасты сақтауда даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны сапалы жүзеге асыру керек деген ойларын ортаға салды. Шара нәтижесі бойынша тиісті ұсыныстар жасалды», - деп хабарлайды Ақтау қаласы №2 сотының баспасөз қызметі.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему