Маңғыстау облысының әкімі ауысты
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 04:54
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облысының әкімі ауысты

14 Марта 2017 (18:58) | 1827 | Автор: Мира Ботабекова

 

 

Бүгін Маңғыстау облысының әкімі ауысты. Мұнайлы өңірді саясаттану ғылымдарының докторы Ералы Тоғжанов басқаратын болды. Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев облыс мәслихатының отырысында жаңа әкімді таныстырды. Депутаттар Президент ұсынған кандидатураны бірауыздан қолдады.

 

Б.Сағынтаев жаңа басшылыққа Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында қойылған тапсырмаларды жүзеге асыру және ірі реформаларды іске асыру бойынша бірқатар нақты тапсырмаларды айтты. Үкімет басшысы атап өткендей, Ералы Тоғжановтың басшылық қызметтегі тәжірибесі мол.

 

«Ералы Лұқпанұлы Мемлекет басшысының сенімін ақтап, өңір алдына қойылған тапсырмаларды табысты жүзеге асыратынына сенімдімін», - деп атап өтті Б.Сағынтаев. Осыған дейін Ералы Лұқпанұлы Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі қызметтерін атқарған. Саясаттану ғылымдарының докторы. Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы 1963 жылы 13 мамырда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Жоғары білімді: Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде (1983-1988 жж.), Құқықтану. ҚР Ғылым Академиясының Мемлекет және құқық институты (1991-1994жж.), заңгер. Кеңес одағының әскер қатарында қызмет етті. 1991 жылдан 1998 жылға дейін Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасында оқытушы. 1994-1996 жж. ҚР Ғылым Академиясының Мемлекет және құқық институтында ғылыми қызметкер. 1996 жылдан бастап Қазақ гуманитарлық заң университетінің Мемлекеттік қызмет және халықаралық құқық факультетінің аға оқытушысы, декан орынбасары қызметін атқарды. 1994 жылдан бастап аталған университеттің халықаралық құқық факультетінің деканы болды. 1999 жылы филиал деканы, 2001 жылы Астана қаласының Қазақ гуманитарлық заң университетінің Құқық және мемлекеттік қызмет институтының директоры болып тағайындалды. 2001-2006 жж. Қарағанды облысы әкімінің орынбасары. 2006-2008 жж. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Дін істер комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді. 2008 жылдың қаңтарында Қазақстан Республикасы Президенті Өкімімен Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалды. Мемлекеттік марапаттары және құрметті атақтары бар. 2 деңгейлі «Достық» ордені және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

 

Ералы Тоғжанов басшылық лауазымға тағайындау туралы тәртіптің өзгеруіне орай, жаңа қызметіне кіріспес бұрын аймақ жұртшылығы алдында ант берді.

 

Ералы Тоғжанов, Маңғыстау облысының әкімі:

- Қазақстан Республикасының халқы мен Президенті алдында өз Отанымды өркендету ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттік Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге салтанатты түрде ант етемін.

 

 

Үкімет басшысы Маңғыстау облысын 4 жыл басқарған Алик Айдарбаевқа атқарған қызметі үшін алғыс айтты. Алик Айдарбаевтың әзірге қандай қызметке тағайындалары белгісіз.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему