Ақтауда «Амал» мерекесіне арналған волейболдан республикалық турнир өтті
Курс валют в Актау
на 24/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
24 Апреля, 11:16
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда «Амал» мерекесіне арналған волейболдан республикалық турнир өтті

13 Марта 2017 (10:14) | 1656 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

Тәзіке Ата ұрпақтарының «Отпан тау» этно-мәдени кешенінде «Амал-2017» мерекесін ұйымдастыруына орай 11-12 наурыз күндері Ақтауда волейболдан ардагерлер арасындағы республикалық турнир өтті.

 

Биыл үшінші рет қатарынан өткізіліп отырған осынау байрақты бәсекені «Алтынқұрық» ЖШС (басшысы-Әбдірахманов Қуанышбек Спанұлы) ұйымдастырды.

 

Екі күн қатарынан тартысты өткен дүбірлі додаға 11 команда қатысты. Олардың қатарында Астана, Ақтөбе қалаларынан, Батыс Қазақстан облысынан келген топтар және «Алтынқұрық» ЖШС-нің, облыстық прокуратураның командалары, Ақтау қалалық командасы, Бейнеу ауданының тобы, т.б. болды.

 

Үнемі жақсы істердің жаршысы болып, игі бастамалардың басында тұратын аймаққа танымал, атпал азамат, Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты, «Алтынқұрық» ЖШС бас директоры Әбдірахманов Қуанышбек Спанұлы аталмыш турнирді ұйымдастыруға мұрындық болып, бұл жолы да мәрттік танытты.

 

-Барлық қазақ халқына береке мен бірліктің мейрамы болған – Амал мерекесі жұғысты болып, қазағымыздың салт-дәстүрін дәріптеп, кең етек жая берсін деген ниетпен, осы бір айтулы мереке-14 наурыздағы Амал мейрамы тек қана Қазақстанның Батысында ғана тойланып емес, республикамыздың барлық аймақтарына жайылсын деп, еліміздің барлық өңірлерінде тойлануы үшін осындай республикалық деңгейде спорт шаралары ұйымдастырылып отыр.

 

Қазіргі таңда бұл жарысқа қатысуға бес облыс ниет танытып, тапсырыс берді, солардың қатарынан 3 облыс қатысты. Финалға өзге өңірлерден тек Астана қаласының командасы шықты.

 

Біздің мақсатымыз - Амал мерекесін насихаттау. Кеше турнирдің ашылуында да айтылды, қонақтарымызға Амалдың мән-мағынасы туралы әңгімелеумен қатар, ол туралы жазып та беріп, Амалдың – өзіміздің қазақтың мерекесі екенін, бұл тек Адайдыкі емес немесе тек Батыс өңірінің мейрамы емес, оны бүкіл ел болып, бәріміз тойлау керек екенін түсіндіріп жатырмыз.

 

Турнир – жақсы өтіп жатыр. Жарысқа 12 команда қатысуда. Басында 11 топ болған. Төрт команда финалға шықты. Солардың арасынан Ақтау қаласының командасы, Маңғыстау облыстық прокуратурасының және Астана қаласының командалары үздік ойын көрсетіп, жүлделі орындарға таласуда.

 

Барша қазақ халқына Амал мерекесі құт-береке әкелсін! Келесі Амал мейрамына аман жетуге нәсіп етсін! Амал – оң болсын, ақ мол болсын! Береке-бірлік халқымыздан қашпасын! Келесі жылдары осы мерекені бүкіл қазақ болып тойлауды нәсіп етсін деп тілеймін, - деді дүбірлі доданың ұйымдастырушысы Қуанышбек Спанұлы Әбдірахманов.

 

Жеңімпаздар анықталатын турнирдің екінші күнгі ойындары қызу тартыста өтті. Финалда ойын көрсеткен «Алтынқұрық» ЖШС мен Ақтау қаласының командасы, Маңғыстау облыстық прокуратурасының және Астана қаласының командалары өзара бәсекелесіп, қызықты ойын көрсетіп, әрқайсысы жеңіске деген ұмтылыстарымен көзге түсті.

 

«Астана» командасының ойыншысы Тасыров Ерлан Жұмайұлы:

-Бұл турнирдің бастамасы жақсы екен. Жарысқа Астана қаласынан арнайы келіп, қатысып отырмыз. Мемлекетімізде қазір спортқа жақсы көңіл бөлініп жатыр. Мұның жастарды тәрбиелеу үшін маңызы зор деп есептеймін.

 

Мынадай Амал аталатын мерекенің қарсаңында бір-бірімізбен жүздесіп, етене араласып, танысып, біліскеніміздің өзі үлкен жетістік деп санаймын. Спортшы қауымы бірі-бірімізбен жете танысып жатырмыз, сондықтан біздің Астана командасы мұнда бекер келген жоқ деп ойлаймын.

 

Әрине, әркім өзінің шыққан тауын биік болса екен дейді. Біздің бүгінгі шыққан тауымыз - ІІ орын болып тұр әзірге. Бірінші рет келе салып, алтынды алып кетейік деген ойымыз жоқ.

 

Мынадай үлкен турнирді ұйымдастырып, оған бізді шақырған үлкен ер азамат Қуаныш Спанұлына алғысымыз шексіз. Бұл азаматпен кешелі бері жақын танысып, екеуіміз бір жылдың төлі-құрдас боп шықтық. Өзім ойлаймын - бір жақсы дос таптым деп. Сонау Астанадан бізді турнирге шақырып, мынау Ақтөбеден, Оралдан спортшылар келіп қатысып жатыр.

 

Осындай спорттық жарыстарда бәрімізге нәтиже болсын, дендеріңіз сау болсын. Осы сынды маңызды сәттерде кездесіп, бірге жүруге жазсын.

 

Ауылдарыңызда үнемі осындай той болсын, Қуаныш Спанұлындай ер азаматтар көбейсін! Бізге сіздер келіп тұрыңыздар, сізге – біз келіп тұрайық. Қарым-қатынасымыз нығайсын. Сөйтсек, ауызбіршілігіміз артып, мемлекетіміз алға жылжи береді.

 

«Тәзіке» қоғамдық қайырымдылық қорының төрағасы, «Амал-2017» ұйымдастыру штабының басшысы Балтабаев Роман Сүндетұлы:

-«Амал-2017» аясында өтіп жатқан волейболдан республикалық турнир – жалғыз шара емес, үш бірдей шара ұйымдастырылып отыр. Амал аясында жақында Маңғыстау облыстық филармониясында Фариза Оңғарсынова апамыздың поэзия кешін өткіздік.

 

Жаңа Өзен қаласында шағын футболдан қалааралық турнир өткіздік. Сонымен қатар біз Маңғыстау облысының аумағымен шектелмей, Атырау облысының Мақат ауданында үстел теннисі мен шағын футболдан мектепаралық турнир өткіздік.

 

Бүгінгі болып жатқан шара – үлкен шараның бірі. Волейболдан ардагерлер арасындағы республикалық турнир. Болашақта волейболдан бүкіл облыстарды қамтуды мақсат етіп отырмыз.

 

Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты, «Алтынқұрық» ЖШС бас директоры Әбдрахманов Қуанышбек Спанұлы деген азамат осы турнирді ұйымдастырып отыр, біз де өз тарапымыздан үлесімізді қостық.

 

Ойын қызу тартыста жүріп жатыр. Командалар жеңіске жетуге барын салуда. Ұйымдастырушылармен қатар біз де ойыншыларға өзіміздің сый-сыяпатымызды дайындадық.

 

Тәзіке Ата ұрпақтары «Амал-2017» аясында аз қамтылған отбасыларға көмек ретінде қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Біз тек Амал мерекесін өткізумен шектелмей, Тәзіке Ата ұрпақтарының жастар қанаты Ақтауда «Таза қала» ұранымен тазалық сенбіліктеріне бірнеше рет шығуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, Ақтау қаласының әкімі Серікбай Трұмовпен келісіп, қалада ағаш егу шарасын ұйымдастырамыз.

Сөйтіп, біздің әрекеттеріміз алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

Турнир аяқталысымен жеңімпаздарды марапаттау сәті өтті. Ортада сап түзеген командалар алдында жарыс қорытындысы жарияланды.

І орынды иеленіп, алтыннан алқа таққан топ – «Ақтау волейбол клубы» командасы 500 000 теңгенің сертификатына ие болды.

ІІ орынға жайғасқан Астана қаласынан келген «КТЛ» командасына – 300 000 теңгенің сертификаты мен күміс медальдар бұйырды.

ІІІ орынды қанағат тұтқан Маңғыстау облыстық прокуратурасының командасына – 200 000 теңгенің сертификаты және қола медальдар табысталды.

Сөйтіп, турнирдің ұйымдастырушысы - «Алтынқұрық» ЖШС жүлдегерлерге 1 миллион теңгенің ақшалай сыйын тарту етті. Мұнан өзге жарыс қорытындысымен «Ең үздік қорғаушы», «Ең үздік ойыншы», «Ең үздік шабуылшы», «Ең ересек ойыншы» және т.б. арнайы жүлделер берілді.

Турнирді тамашалауға келген Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы Бекмұрат Жүсіповтан жарыстан алған әсері туралы сұрадық.

-Кешелі-бүгінді волейболдан өтіп жатқан турнир волейбол сүйер қауымды қызыққа бөлеп жатыр. Командалар жақсы ойындарымен бәрімізді тәнті қылды. Жалпы,

жарыс өте тартысты өтті. Соның ішінде Ақту қомандасы, Астанадан келген топ, Маңғыстау облыстық прокуратурасының командасы - өздерінің үздік ойындарын көрсетті.

Ардагерлердің арасындағы жарыс болғанмен, негізі, командалардың деңгейі өте жоғары.

Себебі, қазір елімізде салауатты өмір салты жақсы жолға қойылған деп айтуға болады. Бұрын спортты көтерген азаматтардың өзі жұмыстан босаған кезде жақсы спортпен айналысып жүр. Жылдан-жылға жалпы спорттың деңгейі көтеріліп келе жатыр.

Ардагерлер турнирі десек те, бүгінгі ойын жастардың ойынынан бірде-бір кем болмады десем, артық айтпағаным болар.

Амал мерекесіне арналған турнир өте тартысты өтті, оның үстіне ойыншыларға берілген марапат та өте жоғарғы деңгейде болды. Сондықтан, баршаңызды осы волейбол ойынымен айналысуға шақырамын. Бұл спорт - өте қызықты ойын, әрі кімде-кім волейбол ойынымен айналысса - денсаулығына да өте пайдалы болары сөзсіз, - деді Бекмұрат Қыдырбайұлы.

Жарыс жеңімпаздарын жүлделерімен құттықтап, Амал мерекесі баршамызға құт-береке, толағай табыс, үлкен жетістіктер, мол жақсылылықтар ала келсін деген ізгі тілегімізді арнаймыз.

 

 

Фото Серика Майемерова

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему