Маңғыстауда жемқорлыққа қарсы мобильдік топ құрылды
Курс валют в Актау
на 31/12/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
31 Декабря, 03:50
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда жемқорлыққа қарсы мобильдік топ құрылды

11 Марта 2017 (22:09) | 1829 | Автор: Мира Ботабекова

 

Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шұлы әрекет ететін мобильдік топтар құрылды. Пилотты жоба әзірге Астана, Алматы қалаларымен қатар Шығыс қазақстан және Маңғыстау облыстарында сынақтан өткізілуде. Мобильдік топтың құрамына аумақтық департаменттің өкілдерімен қоса сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы Маңғыстау облысы бойынша департаментінің, облыстық прокуратурасының, «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының, «Маңғыстау облысының азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің, «Азаматтық құқық» жеке-меншік мекемесінің, өңірлік кәсіпкерлер Палатасының қызметкерлері, тілшілер енді.

 

Топ мүшелері арнайы жабдықталған автокөлікпен ауыл-аймақты аралап жүр. Тұрғындармен, жұмысшылармен жүздесіп, жемқорлық туралы ақпарат алып, мемлекеттік қызметті пайдаланушылардың құқықтары жөнінде түсіндіруде. Халық өз кезегінде арыз-шағымдарын айтып, оның сол мезетте шешілуіне мүмкіндік алып жатыр.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильдік топ 9-наурыз күні «Маңғыстау электротораптық бөлу компаниясы» АҚ және «Каспий жылу, су арнасы» МКК еңбек ұжымдарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында мобильдік топ мүшелері Президентіміздің 31.01.2017ж. Қазақстан халқына Жолдауының негізгі басым-бағыттарын жеткізе отырып, еңбек ұжымдарын қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға өз үлестерін қосуға шақырып, азаматтардың ұсыныстарын қабылдады.

 

Атап айтқаңда, «Маңғыстау электротораптық бөлу компаниясы» АҚ қызметкерлері құқық қорғау органдары қызметкерлері тарапынан қызметтік әдеп ережелерін сақталуын қадағалауды күшейту, тұрғындарға қызмет көрсету барысында кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарының жұмыс сапасын көтеру сияқты ұсыныстар айтылып, аңшылықпен айналысуға рұқсат алудың тәртібі туралы кеңес беру туралы ауызша өтініш түсті. Өз кезегінде «Каспий жылу, су арнасы» МКК қызметкерлері Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы Кодексінде белгіленген әкімшілік айыппұлдардың мөлшерін төмендету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильдік топтың жұмысын кең көлемде жандандыру қажеттігін ұсыныс қылып жеткізді. Мобильдік топ қамтыған мекемелердегі қызметкерлердің жалпы саны 150.

 

Пилотты жоба тиімділігін көрсетсе еліміздің өзге де облыстарында жүзеге асырылмақ.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему