Басқұдық ауылына тасжол қажет
5 Марта 2017 (10:30) | 2655 | Автор: Мира Ботабекова
Басқұдық ауылына тас жол қажет. Іргесі 10 жыл бұрын қаланған ауылда 86 көше бар. Бірақ біріне де асфальт төселмеген. Жаңбыр жауып, қар еріген күні аяқ алып жүргісіз. Саз балшық балаққа жабысып жүргізбейді. Ал, көліктің қозғалуы тіпті қиын,- дейді тұрғындар. Бұл туралы «Қазақстан-Ақтау» телеарнасы хабарлайды.
Өмірзақ Мұқанов - Басқұдық ауылындағы "Жаңа қоныс" тұрғын үй массивінде тұрғанына 10 жыл. Содан бері жолдың қиындығын тартып келеді екен. Ақсақал мектепке баратын немерелері үшін алаңдаулы.
Өмірзақ Мұқанов, тұрғын:
-Мектепке баратын оқушы балаларымыз бар. Көлік түгілі жаяу жүрген өзіміз кіріп-шыға алмаймыз қаламыз. Күнбатыс жағымыз биік. Жауын-шашынның барлығы жиналып осында ағады. Үйлердің ауласына кіріп кетеді. Тіпті уйіне кіріп шыға алмай қалатын жағдай да кездеседі.
Ауылішілік жолдың күрмеуі Ербол Ұзақбаевқа да жақсы таныс. Көлігі жиі бұзылады. Талай төрт дөңгелегі балшыққа батып қалған. Бұл ауыл тұрғындарының басындағы ортақ жағдай.
Ербол Ұзақбаев, тұрғын:
-Өте нашар. Өткенде ақша жинап бір-екі рет жөндедік. 3-4 рет кіріп шығамыз көліктің асты тиіп мазаңды алады. Машина жүргізу мүмкін емес.
Сергелдеңге түскен басқұдықтықтардың жайын жергілікті әкімдікте біледі. Ауылға тас жол төсеу үшін алдымен ауыз су құбыры жүргізілу керек. Жол мәселесі содан соң қолға алынбақшы.
Нұфтулла Қаржаубаев, Басқұдық ауылдық округінің әкімі:
-Жер қазылғаннан кейін құбыр жүреді. Құбыр жүргенне кейін жолға кірісеміз. Қазір жолды жасап қойсақ, суды тартқанда қиындық болады. Орталық көшедегі жолдар қазір бақылауда.
Жолды жөндеу үшін су құбырын жүргізуді жеделдету қажет. Қазір оның жобалық-сметалық құжаты дайын. Қаражат бөлінсе құбыр тартылмақшы. Одан соң жолды жөндеуге кірісеміз дейді, ауыл әкімі.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему