Көлігіне жалған нөмір таққан азамат жауапқа тартылды
5 Марта 2017 (10:28) | 2271 | Автор: Мира Ботабекова
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат У-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сот отырысында анықталғандай, У. Ақтау қаласы, 11 шағын аудан, 38 үйге қарсы тас жолда автокөлігін қасақана, көрінеу жалған R 543 HКM мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісімен жүргізіп, жол полиция қызметкерлеріне ұсталған.
Сот қаулысымен У. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігімен (Көрінеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері (белгісі) бар көлік құралын пайдалану)кінәлі деп танылып, 1 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы қолданылды.
Қаулы заңды күшіне енді. Бұл туралы Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының Баспасөз қызметі хабарлайды.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему