Ақтауда қайырымдылық кеш өтеді
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 01:28
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда қайырымдылық кеш өтеді

22 Февраля 2017 (14:06) | 2632 | Автор: Нурганым Имашева

 

Құрметті аймақтың және Ақтау қаласының тұрғындары мен меймандары!!!

          «Біз – адамбыз. Біз біргеміз» Қоғамдық қоры баршаңызды 25 ақпан күні сағат 18:00-де Н.Жантөрин атындағы облыстық музыкалық-драма театрында Маңғыстау облыстық Мәдениет басқармасының қолдауымен өтетін қайырымдылық концертке шақырады.

         Қайырымдылық кештен түсетін қаражат дертіне дауа іздеген, ота жасатуға қажетті қаржылай көмекке зәру Ақтау қаласының тұрғындары Айтмухам Мәрия, Жарбосын Руслан, Кавасов Асқар және Чистяков Дмитрийдің емделуіне жұмсалатын болады.

         Концертте Маңғыстау облысы мен Ақтау қаласының үздік би ұжымдары және әншілері өнер көрсетеді

         Сағат 14:00-де театрда қайырымдылық жәрмеңкесін өткізу жоспарланған. Жәрмеңкеде жергілікті шеберлер қолынан шыққан түрлі қолөнер бұйымдары, тәттілер мен ойыншықтар сатылады.

         Жанымызда жүрген көңілі жабырқау жандарға қол ұшын созайық! Мейірім шуағына бөлеп, жандарына – сая, көңілдеріне – демеу болайық, жерлестерімізге рухани және материалдық қолдау көрсетейік, ардақты ағайын!!!

         Сырқатына ем іздеп, шарқ ұрған мұқтаж жандардың көмек сұрап созған қолдарын қайтармайық! Кез-келген пендеге бір-ақ рет берілетін өмір атты сынақ мерзімінде жақсылық жасап жарысайық, жамағат!

 

         Сіздерді 25.02.217 ж. сағ.18:00-де Ақтау қаласы, 8 шағынаудан, Н.Жантөрин атындағы облыстық музыкалық-драма театрында күтеміз!

 

         Билеттерге тапсырыс беру үшін немесе өзге де сұрақтарыныз болса мына телефонға хабарласуға болады: 87028210650

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему