Маңғыстауда балалар кардиохирургия орталығы құрылатын болады
Курс валют в Актау
на 03/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
3 Мая, 18:58
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда балалар кардиохирургия орталығы құрылатын болады

22 Мая 2014 (04:09) | 4004 | Автор: Редакция

 

Аймақтың денсаулық сақтау басқармасының басшысы Руслан Бектубаев жергілікті БАҚ өкілдеріне арнап баспасөз мәслихатын ұйымдастырды.

 

Кездесуде өңірдегі медицина саласын дамытуға бағытталған жаңа қадамдар мен жоспарлар жайлы әңгіме өрбітіліп, озық үлгідегі жаңа технологиялардың енгізілуі туралы сөз болды.

 

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Руслан Бектубаев: «Бүгінгі біздің жиынымыз облыстың денсаулықсақтау саласында жасалып жатқан жұмыстар мен аймақтық медицинаны дамытудың жаңа жобалары жөнінде, сонымен қатар өңірде балалар кардиохирургиясын одан әрі дамыту туралы.

 

2009 жылдан бастап бізде кардиохирургия орталығы өз жұмысын бастады. Содан бері ашық жүрекке 400-ден астам ота жасалды, соның ішінде 78 операция 18 жасқа дейінгі балаларға, олардың 32-сі 1 жасқа дейінгі сәбилерге жасалған ота.

 

Қазір біз облыстық денсаулықсақтау басқармасының атынан Денсаулықсақтау министрлігіне Маңғыстауда балалар кардиохирургия орталығын ашу жөнінде ұсыныс-хат жолдап, бүгінде сол хаттың жауабын күтіп отырмыз.

 

Астанадағы кардиохирургия орталығы да бізді қолдап, өздерінің ұсыныстарын, қолдауларын министрлікке жолдады.

 

Осы жылдың екінші жартысында толық ұйымдастыру жұмыстарын жасап, аталған жобаны жыл аяғына дейін енгізсек деген жоспарымыз бар. Оған бізде жақында пайдалануға берілетін Маңғыстау облыстық ауруханасының «Г» блогында қосымша 2 хирургиялық зал ашылады, олар озық үлгідегі заманауи жабдықтармен толық жабдықталған. Мамандарымыз да бар.

 

Енді балалардың жүрегіне жасалатын операциялар жөнінен Батыс Қазақстан аймағына көмек көрсетсек деген дайындығымыз бар, оған біздің мүмкіншіліктеріміз де жетерлік. Соны іске асыруға қазір жұмыстанып жатырмыз.

 

Ота жасалған балалар арасында ең жасы-туғанына 3 күн болған сәби. Оған жүрек ақауына байланысты эндоваскулярлық операция жасалды. Бұл жүректі ашпай тамыр арқылы ақауды емдеу әдісі болып табылады. Қазіргі таңда ол бала тәуір болып келеді. Тамыр арқылы ота жасау әдісімен біз 17 балаға көмек көрсеттік, олар 2-3 күн аралығында орындарынан тұрып, сырқаттарынан сауығып кетті»,-деді.

 

Жиында сонымен қатар құрылысы аяқталып, қазір заманауи үлгідегі жаңа құрылғыларды Чехиядан келген мамандар орнатып жатқан облыстық аурухананың «Г» блогының жабдықталуы туралы әңгіме қозғалды. Басқарма басшысы жаңа ғимараттың ашылуы мамыр айының аяғына жоспарланғаны туралы айтып өтті.

 

Кездесуде келелі сөз қозғалған тағы бір тақырып-ол еліміз бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрінің бастамасымен 15 сәуір-15 шілде аралығында ұйымдастырылып жатқан медицина қызметкерлерінің мәртебесін көтеруге бағытталған «Рахмет, сізге дәрігер!» акциясы туралы болды.

 

Аталмыш акция аясында медицина саласында ұзақ жылдар қызмет еткен, бүгінде өмірден озған және қазір арамызда жүрген еңбек ардагерлеріне арналған «Естелік аллеясы» бой көтерді. Ардагер-дәрігерлерге арналып 40 түп тал егілді. Болашақта дәрігерлердің ерлігін паш ететін ескерткіш стела орнатылу жоспарланып отыр, Ақтаудағы барлық емдеу-сауықтыру мекемелері басшыларының арасында ең үздік ескерткіш эскизінің байқауы жарияланған.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему