«Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы үй салуға дайындық басталды
19 Февраля 2017 (10:10) | 2003 |
Автор: Мира Ботабекова
Маңғыстау облысында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жеке тұрғын үйлер салуға дайындық жұмыстары басталды. Осы мақсатқа Түпқараған ауданынан арнайы жер телімдері бөлінеді. Бұл туралы облыс активімен кездескен аймақ әкімі Алик Айдарбаев мәлімдеді.
Елбасы жолдауындағы міндеттерді талқылаған кеңесте құрылысқа дайындық шаралары пысықталды. Өлке басшысы үйлердің бір жүйе, бірегей пішінмен бой түзеуін тапсырды. Баспана салынатын жер телімдеріне бірінші кезекте инженерлік инфрақұрылым тартылуы шарт. Осыған дейін орын алған олқылықтардың енді қайталанбауын құзырлы органдар қатаң бақылауға алады.
Алик Айдарбаев, Маңғыстау облысының әкімі:
- Шаһардың бас жоспарында қаралмауы себепті Ақтауда жеке тұрғын үй салынбайды. Сондықтан қала сыртындағы Ақшұқыр, Сайын, Шапағатов ауылдарында жаңа баспаналар бой көтереді. Түпқараған ауданына қарайтын жер телімдерінде құрылыс аяқталған соң үй кезегіне тұрған азаматтарға беріледі.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему