Төтеншеліктер Ақтау тұрғындарының қауіпсіздік туралы білімдерін тексерді
15 Февраля 2017 (21:48) | 1544 | Автор: Нурганым Имашева
Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері Көкшетау техникалық институтының тәлімгерлерімен бірлесіп қала аумағында адамдар жаппай жиналатын сауда-саттық орындарында «Төтенше жағдай туралы не білесіз?» тақырыбында акциясын жүргізді.
-Бұл акцияны жүргізудегі мақсат - қарапайым халыққа төтенше жағдай кезіндегі алғашқы іс-әрекетті және алдын алуды түсіндіру. Акция барысында қала тұрғындарымен осы тақырыпта сұхбаттар жүргізіліп, жадынамалар таратылды,- деп хабарлайды Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар барсқармасының аға инженері азаматтық қорғау майоры Мадалиева Дана Нұрмаханбетқызы.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему