Маңғыстаулық полицейлер Елбасы Жолдауын талқылады
Курс валют в Актау
на 30/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
30 Ноября, 17:34
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық полицейлер Елбасы Жолдауын талқылады

15 Февраля 2017 (21:46) | 1884 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

Маңғыстау облысының ІІД Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2017 жылдың 3 ақпанында Маңғыстау облысы Ішкі істер департаментінде жеке құрамның қатысуымен ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауын талқылауға арналған жиын өтті.

 

Департаменттің жеке құрамының алдында Кадр жұмысы бастығының орынбасары М.Садақбаев Жолдаудағы Елбасы айқындап берген бес басымдылықты атап көрсетті.

 

Елбасымыздың Жолдауында айқындалған басты міндеттерінің бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті нығайту туралы айтылды. Сондай-ақ ішкі істер органдары қызметкерлерінің арасында қоғамдық тәртіп пен заңдылықты сақтау мәселелері де атап көрсетілді.

 

Жиынға қатысушылар құқық қорғау органдарының Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығында жеткен жетістіктерін бағалап, тәртіп сақшыларының басты міндеттерінің бірі - қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, азаматтардың құқығын қорғау жолында бірлесе қызмет атқару екендігіне тоқталды.

 

-Біздер Елбасының Жолдауын қолдап, полиция қызметкерлерінің алдына қойылған міндеттерінің орындалуына барлық күшімізді жұмсаймыз»,-деп түйіндеді сөзін Мұхтар Қанғалиұлы.

 

Жиынға қатысушылар бірауыздан Жолдауда айтылған міндеттердің жүзеге асуы бағытында қызмет атқара беретіндіктерін білдірді.

 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему