Алаяқ әйелге қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 07:16
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Алаяқ әйелге қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды

15 Февраля 2017 (11:58) | 1783 | Автор: Мира Ботабекова

 

Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасында  Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 1 тармағымен Г-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. 

 

Сотта анықталғандай, сотталушы  Г. қасақана, пайдақорлық ниетпен, бөтеннің мүлкін ірі мөлшерде жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлікке құқықты иемдену мақсатында, жәбірленуші И-ға «ұлы мен қызын жұмысқа орналастырып беремін» деп, өзінің ондай жағдайға ықпал етіп көмектесуге ешқандай мүмкіншілігінің жоқ екенін алдын-ала біле тұра, 2 000 000 теңге ақшасын алып, оқиға орнынан бой тасалап кеткен.

 

Одан әрі, сотталушы Г. өзінің осы қылмыстық іс әрекетін жалғастыра отырып, жәбірленуші Б-ға «жолдасын мекемеге жұмысқа орналастырып беремін» деп, 2 000 000 теңге ақшасын алдып алып, қылмыс болған жерден бой тасалап кеткен. Нәтижесінде, сотталушы өзінің қылмыстық іс-әрекеттерімен жәбірленушілерге 4 000 000 теңге материалдық залал келтірген.

 

Жаңаөзен қалалық сотының үкімімен Г. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 1 тармағымен кінәлі деп танылып, жеке мүлкі тәркіленіп, оған  3 жыл 6  ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

 

Сотталушы  Г. сотқа дейін  жәбірленуші И-ға 1 000 000 теңге, Б-ға 1 450 000 теңге ақшасын қайтарған.

Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасында Г-ның апелляциялық шағымы қанағаттандырусыз, сот үкімі өзгеріссіз шағым қалдырылды.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему