«Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар комиссиясының» отырысы өтті
12 Февраля 2017 (13:41) | 1891 | Автор: Нурганым Имашева
Маңғыстау облыстық ТЖ Департаменті Баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыс әкімінің орынбасары Әнуар Аманқұлұлы Шөжеғұловтың төрағалығымен облыстық Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының отырысы өтті.
Жиында екі мәселе қаралды: «Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының 2016 жылы атқарған жұмысының қорытындысы және 2017 жылға арналған басты бағыттары туралы», «Көктемгі су тасқынынан, қарғын судан елді мекендерді, темір жол және автомобиль жолдарын қорғау (нөсер жауын салдарынан), суағарлардың және күш-құралдардың дайындығы туралы».
Басқосуда Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Қаунар Бекенұлы Базарбаев және Маңғыстау облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының өкілі баяндама жасады.
Сонымен қатар энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және қалалық және аудандық әкімдіктер басшылары тыңдалды.
ТЖ комиссиясында мәселелерді талқылау нәтижесінде, табиғи ТЖ әрекет ету мақсатында қалалық және аудандық коммуналды қызметтерінде МТҚ қорын құру туралы шешім қолдау тапты.
Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар комиссиясы төрағасы кезекті отырысты қортындылай келе аудан және қала әкімдіктеріне, ұйымдардың және өндірістік мекемелердің бірінші басшыларына хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысының қатаң сақталуына тапсырма берді, одан басқа Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысына облыстық ТЖД-мен және қалалық және аудандық әкімдіктермен бірігіп, табиғи ТЖ қаупіне ұшырауы мүмкін автомобилді және теміржол өткелдерін, энерго, газ, су, жылумен қамтамасыз ету жұйелерін зерттеу тапсырылды.
Сонымен қатар облыстағы барлық аудандарды жүрмелі дизельді генераторлармен қамтамасыз ету тапсырылды.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему