Баласы әкесінен оқуға төлеу үшін алимент өндірді
8 Февраля 2017 (18:22) | 2859 | Автор: Мира Ботабекова
Ақтау қаласының № 2 сотында талапкер М-ның жауапкер Д-дан алимент өндіру туралы талабы бойынша азаматтық іс қаралды.
Талапкер М. сотқа әкесі Д-дан ақылы бөлімде оқитындығына, қаражат жетпейтіндігіне және жауапкер материалдық көмек көрсетпейтіндігіне байланысты алимент өндіру туралы талап арыз берген.
Сотта талапкер жоғарғы оқудын күндізгі түріндегі ақылы бөлімде оқитындығы, оқу ақысы 346 600 теңге құрайтындығы, жауапкердің талапкерге материалдық көмек көрсетпейтіндігі, жауапкердің басқа отбасы бар екендігі анықталды.
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Заңының (әрі қарай – Заң) 138 бабының 2-бөлігі бойынша егер ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларына, сондай-ақ жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінде, күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары білім беру жүйесінде оқитын жиырма бір жасқа дейінгі кәмелетке толған балалрына күтіп-бағу қаражатын ерікті түрде бермеген жағдайда, бұл қаражат олардан сот тәртібімен өндірілуге жатады. Заңның 141-бабының 2-бөлігіне сәйкес күндізгі оқу нысаны бойынша жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінде, жоғары білім беру жүйесінде оқитын жиырма бір жасқа дейінгі балаларға күтіп-бағу қаражатын өндіріп алу алимент төлеу туралы келісім болмаған кезде сот тәртібімен тұрақты ақша сомасында жүргізіледі.
Сондықтан, сот талап арызды қанағаттандыру туралы шешім шығарып, талапкер М-ның пайдасына жауапкер Д-дан баласы 21 жасқа толғанға дейін 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алимент өндірді. Шешімнің алимент өндіру туралы бөлігі дереу орындалуға жатады. Шешім заңды күшіне енді. Бұл туралы Ақтау қаласының №2 сотының Баспасөз қызметі хабарлады.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему