Үздік оқушылар қошеметке ие болды
Курс валют в Актау
на 08/12/2025
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
8 Декабря, 16:44
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Үздік оқушылар қошеметке ие болды

19 Мая 2014 (10:14) | 4712 | Автор: Редакция

 

Биылғы оқу жылы түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты үшін табысты аяқталып жатыр. Бір жылдың ішінде мектептің 100 бірдей оқушысы түрлі байқауларда топ жарды. Оқу жылы аяқталар тұста жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан білімді жастарды қошеметтеу үшін мектеп басшылығы«Жұлдыздар шеруін» ұйымдастырды. Түрлі пән олимпиадаларының, зияткерлік сайыстары мен ғылыми жобалар байқауларының жүлдегерлері қызыл кілем үстімен жүріп өттті. Мектеп басшылығы оларға арнайы жасатылған алқа тағып, марапаттады. Тағылымы мол шараны ұйымдастыруға мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Клара Нармұхамедова мен Амангүл Жұбанова, ұйымдастырушы Лаура Өтегеновалардың ұйтқы болғанын айта кету керек.

 

Биыл халықаралық ғылыми жобалар сайысынан мектептің 21 оқушысы жүлдемен оралды. Солардың бірі – 11 сынып оқушысы Ермек Оспанов. Оның ғылыми жұмысы Алматыда өткен халықаралық сайыста үздік деп танылды. Осыған орай, ол ҚР Білім және ғылым министрлігінің арнайы бұйрығымен ұлттық бірыңғай тестілеуден босатылды. Жас ғалымның ендігі мақсаты – қолға алған жобасын өндіріске енгізу. Ермектің сыныптасымен бірлесе ойлап тапқан жаңалығы жергілікті мұнайшылардың қызығушылығын тудырыпты.

 

Ермек Оспанов, жас ғалым:Біздің облыста қара алтын көп өндіріледі. Жерден мұнай алу барысында одан қоршаған ортаға көп зиян келеді. Ауа ластанады. Біз осы мұнай алу әдісінде экологияға ешқандай зиян тидірмейтін құрылғыны ойлап таптық. Жасап, шығарған бұл құрылғының табиғат үшін пайдасы көп.

 

 

Ал, көп балалы отбасының сүт кенжесі Айдос Қызылғұл - мектептегі «Алтын белгіге» үміткер 8 оқушының бірі. 11 жыл бойы үздік оқыған ол қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін сөйлейді. Жас дарын жоғары білім алып, өз ауылы Таушықтың ғана емес, бүтін елдің дамуына үлес қосуды көздейді.

 

Айдос Қызылғұл, «Алтын белгі» үміткері:Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену үшінтынбай оқып, еңбек ететін боламын. Ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғары балл жинап, Алтын белгімді алсам, Алматыға барып, өзім қалаған құрылыс саласының инженері мамандығына оқуға түссем деп отырмын.

 

Мектепте өткен «Жұлдыздар шеруіне» республикалық көңілді тапқырлар клубында ерекше көзге түскен мектеп өнерпаздары мен жас жұлдыздардың ата-аналары және мектептің жүрегі саналатын ұстаздар қауымы да қатысты. Шәкірті озған мұғалімдер мен ата-аналар да мектеп басшылығы тарапынан берілген марапаттан құр алақан қалған жоқ. «Дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты 2012 жылы ҚР Білім және ғылым минитстрлігінің бұйрығымен Назарбаев зияткерлік мектептері дербес білім беру ұйымдарының базалық мектебі болып бекітілді. Осы бекітілген жылдан бастап біз елімізде білім саласында болып жатқан барлық реформаларды жүзеге асыруға тырысудамыз. Нәтижесі жаман емес. Оқушыларымызбен қатар мұғалімдеріміз де түрлі байқаулардан жүлдемен оралып жүр. Бұл бізді қуантады»,-дейді мектеп директоры Рысты Нұрбасинова.

 

 

Ұстаздар қауымы алдағы Ұлттық бірыңғай тестілеуден зор үміт күтіп отыр. Биыл мектепті 97 түлек бітіреді. Оның 21-і ғылыми жобаларын сәтті қорғап, мемлекеттік сынақтан босатылған. Қалған оқушылар ұлттық тестілеуге 100 пайыз әзір. Айта кету керек, аталмыш мектеп ҰБТ аймақ бойынша бірінші болып, 2 маусым күні тапсыратын болды. 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему