Ақтауда қайырымдылық концерті өтеді
2 Февраля 2017 (16:15) | 4687 |
Автор: Нурганым Имашева
Құрметті Ақтау қаласының тұрғындары мен қала қонақтары!!!
Сіздерді ақпан айының 10-ы күні сағат 19:00-де Мұрат Өскінбаев атындағы облыстық филармонияда «Ақтау Қайырымды Жандар» еріктілер тобының ұйымдастыруымен, Маңғыстау жұлдыздарының қатысуымен өтетін "Дауысыңды естісем деп ем, анашым!" атты қайырымдылық концертіне шақырамыз.
Концерттен түскен қаржы туа біткен микротия, құлақ-есту жүйесінің ақауы дертіне душар болған 3 жасар Шапағат есімді балақайдың еміне жұмсалады. Шапағат жайлы барлық ақпарат @help_shapagat парақшасында!
Еліміздің болашағы болар ұлымызды жылатпай, көмек сұраған ананың қолын қайтармайық.
Қолыңды соз, жанына демеу бол!
Билет құны: 1000 теңге
Билеттерге тапсырыс беру үшін және өзге де сұрақтар бойынша: +7 (701) 229-03-69 Динара xаным +7 702 639 06 02 Алсулу ханым
Сонымен сізді: 10.02.2017ж. сағат 19:00
Ақтау қаласы, 5 ш/а М.Өскінбаев атындағы МО Филармониясында күтеміз!!! Репост қолпашталады!
#жақсылық жасап жарысайық!!!
#ақтау #актау #aktau
@aktau_kaiyrymdy_jandar
Зарегистрируйтесь или войдите в систему