Ақтауда «ЖАСЫЛ ЕЛ» жастар еңбек жасақтарының жаңа маусымы ашылды
Курс валют в Актау
на 28/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
28 Марта, 18:40
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда «ЖАСЫЛ ЕЛ» жастар еңбек жасақтарының жаңа маусымы ашылды

15 Июня 2018 (19:12) | 4447 | Автор: Нурганым Имашева

Бүгін «Жастар үйінде» «ЖАСЫЛ ЕЛ» жастар еңбек жасақтарының жаңа ХІV еңбекмаусымының  ашылу салтанаты өтті. Жиынға Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Бауыржан Тұяқов, Маңғыстау облысы жастар ресурстық орталығының директоры Досан Жеткізген және Ақтау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің маманы Абай Қожабаев пен Ақтау қалалық жастар орталығы директорының м.а Дәулет Сағынтаев және жаңадан құрылған еңбек жасақтарының жастары мен олардың жетекшілері қатысты.

 

 

Алғаш болып шарада сөз кезегі берілген кезде Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Бауыржан Тұяқов жас буынды еңбек етуге ынталандыратын«Жасыл ел» бағдарламасы - жастарды еңбекке баулуға, сонымен қатар, қоршаған ортаны, табиғатты қорғау мен экологияны сақтауға жас ұрпақты тәрбиелеуге бағытталғаны жайлы атап өтіп, жас өрендерді өз қаласының көркейе түсуіне үлес қосуға шақырды.

 

Маңғыстау облысы жастар ресурстық орталығының директоры Досан Жеткізген:

-Құрметті жастар, «Жасыл ел» жобасы  шын мәнінде жастарға жұмыс жасауға деген үлкен мүмкіндік болып отыр. Өте жақсы жоба, Қазақстан бойынша барлық өңірлерде жүзеге асырылады. Жаз бойы жасөспірімдер өз туған ауылдарын, қалаларын, аудандарын аббаттандырып, көгалдандыруға үлестерін қосқаны бүкіл біздің қоғамымыз үшін пайдалы болары сөзсіз.

 

Жаңа ғана Бауыржан Орынбайұлы айтқандай, демалыстарыңызды құр босқа ғаламторды шарлаумен, пайдасыз істермен айналысумен босқа өткізгенше, еңбек етіп, табыс тапсаңыз, өздеріңізге де үлкен пайда, ата-аналарыңызға да көмек ететін боласыздар,- деген лебізін білдірді.

 

Сонымен қатар Досан Жеткізгенұлы жастарды жұмыстан бос уақыттарында «Жастар үйіне» келіп, өңір жастары үшін ұйымдастырылатын шараларға да белсенсе қатысуға шақырды.

 

 

Ақтау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің маманы  Абай Қожабаев «Жасыл ел» еңбек жасақтарының қатарында  жұмысқа шығуға дайын отырған жастарға сәттілік тілеп, жетекшілеріне жасөспірімдердің қауіпсіздігіне басты назар аударуды тапсырды.

 

Ақтау қалалық жастар орталығы директорының м.а. Дәулет Сағынтаевтың айтуынша, «Биылғы жылы «Жасыл ел» бағдарламасын жүзеге асыру үшін қалалық бюджеттен 18 млнға жуық қаржы бөлінді. Былтырғы жылы жаз бойы 300 жасөспірім осы еңбек жасақтарында жұмыс жасаса, биыл 355 жас осы бағдарлама аясында жұмыспен қамтылып отыр.

 

Жастар екі маусым бойы жұмыс істейтін болады. 18 маусым -18 шілде аралығында І-ші ауысым еңбек етсе, екінші ауысым -19 шілде мен 20 тамыз аралығында жұмыс істеп, содан соң  еңбек маусымының салтанатты жабылуы өтеді.

 

Бірінші маусымда -180 жас еңбектенеді, ал екінші ауысымда  -175 жасөспірім жұмыс істейтін болады. Ең алдымен жалғызбасты аналардың балаларын, одан соң аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың және балалар үйінің балаларын жұмысқа алдық, содан соң өтінішпен келген қала тұрғындарының балаларын жұмыспен қамтып отырмыз.

 

 

Жұмысқа қабылданған жастардың жасы 14-тен басталады, олар – жоғары сынып оқушылары және колледждердің студенттері.«Жасыл ел» жасағының құрамында еңбек еткен әрбір жастыңайлық табысы -  35394 теңге  болады. Жастарға 7 жетекші тағайындалды, олар қаламыздағы жастар орталығының қызметкерлері, көбі жыл сайын осы жұмысты атқарып жүрген жас қызметкерлер.

 

«Жасыл ел» бағдарламасы – жас ұрпақты еңбекке тәрбиелеп, қаламызды, көркейтіп, көгалдандыру, таза қала етіп ұстауға деген ынтасын арттыру, Ақтауымыздың өркендеуіне өз үлесін қосуға жігерлендіретін бағдарлама».

 

Салтанатты шара жас өрендерге арналған көңілді концерттік бағдарламаға ұласты. Әсем әуезді әндер мен көңілді билер жиынға келген жас буынды ерекше әсерге бөледі.

 

Суреттерді түсірген Маңғыстау облысы жастар ресурстық орталығының «Ақпарат және БАҚ-пен байланыс бөлімі»

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему