Ақтаулық жастар арасында орыс тілінен сайыс ұйымдастырылды
Курс валют в Актау
на 29/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
29 Апреля, 20:15
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаулық жастар арасында орыс тілінен сайыс ұйымдастырылды

15 Мая 2014 (15:27) | 5151 | Автор: Редакция

 

Облыс орталығында «Ой-сана» деген атаумен орыс тілін жетік меңгерген жастар арасында аймақтық байқау ұйымдастырылды.

 

Сайыстың Бас жүлдегері болып Маңғыстау ауданының орталығы Шетпе кентіндегі гимназияның өкілі Маржан Бисембаева танылды.

 

Тіл додасына қатысушыларға бірінші кезеңде орыс тілінің лексикасы мен грамматикасын білуді талап ететін 50 тапсырмадан тұратын тесттік сауалдарға жауап беру талабы қойылды.

 

Байқаудың екінші бөліміндесайыскерлерөздеріне ұсынылған үш тақырыптың біріне эссе жазу және ауызша сұрақтарға жауап беру сынынан өтті.

 

 

Үшінші кезеңде тіл дарын жастардан орыс әдебиеті классиктерінің кез-келген шығармасын мәнерлеп оқып беру талап етілді

 

Маңғыстау облыстық тілдерді дамыту жөніндегі Басқармасының бас маманы Әсел Дәулетбайқызының мәлімдеуінше: «Аталмыш сайысқа қызығушылық танытушылардың саны жыл өткен сайын арта түсуде. Биылғы додаға қатысуға ниет танытқан 14 пен 22 жас аралығындағы жастардың 103 өкілі белсенділік танытты. Іріктеу  жүргізу нәтижесінде сайысқа 35 қатысушы жіберілді».

 

Байқаудың Бас жүлдесін жеңіп алған Маржан Бисембаева орыс тілі білгірлерінің VI Республикалық сайысында Маңғыстау облысының намысын қорғайтын болады.

 

Қазақстандағы аймақтық доданың жеңімпаздары арасындағы басты байқау биылғы жылы қыркүйек айында Астана қаласында Ресейлік ғылым және мәдениет Орталығында өтеді.

 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему