Басқұдықта балаларға арналған ойын-сауық орталығы ашылды
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 00:55
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Басқұдықта балаларға арналған ойын-сауық орталығы ашылды

26 Января 2017 (11:57) | 4596 | Автор: Мира Ботабекова

 

Маңғыстау облысындағы Мұнайлы ауданында балаларға арналған ойын-сауық орталығы қолданысқа берілді. Бұл – іргетасы 2007 жылы қаланған елді мекен тарихында алғаш салынған кешен.

Заман талабына сай тамаша орталық ашуды жергілікті жеке кәсіпкер қолға алыпты. Көздеген ойын жүзеге асыру үшін ауыл тұрғыны өңірлік «Даму» қорына жүгінеді. Мамандар кеңесінен соң ғимарат құрылысы мен жабдықтарды сатып алуға қажет қаржыны банктен несиеге алады.

Үш жылға берілген 15 млн теңгенің 33 пайызын қор субсидиялайды. Кәсіпкер 19 пайыздық мөлшерлемемен алған берешегінің 9 пайызын өтейді. Қалғанын мемлекет төлейді.

 Ерболат Айтжанов, кәсіпкер:

- Балалар неге өз ауылында ойнамасқа?! Сондай ой келді маған. Сондықтан осы жерден алаң ашуға кірістім. Ауылдағы ата-аналарда 4-5 баладан бар. Қалаға барады, балаларын ойнатып жатады. Ол жерде барлығы шектеулі, бізде уақыт шектеусіз - таңғы 10-нан кешкі 10-ға дейін.

Басқұдық ауылында бой көтерген кешен екі залдан тұрады. Біріншісі балалардың асыр салып ойнап, жүгіруіне ыңғайлы. Келесі залда лазерлік тир, автоматтар қойылған. Олардың техникалық қауіпсіздігін мамандар үнемі бақылап отырады. Балалар ойын арасында кешен жанындағы дәмханада тамақтанады.

Нәзипа Бекбаева, ауыл тұрғыны:

- Бұрын балаларды ойнатуға қалаға апаратын едік. Енді қазір өз ауылымызда бар. Осындай үлкен ұйым ашқанына алғысымды айтамын.

Ойын-сауық орталығына кіру ақысы – 600 теңге. Мұндағы аттракциондар кез келген баланы баурап алады. Бастысы, таңертең апарып тастаған сәбиіңізді кешке алып кетуді ұмытпасаңыз болғаны. Бұл туралы «Хабар24»арнасы жазады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему