Ақтаулық жас өнерпаздар ән қанатында қалықтады
Курс валют в Актау
на 01/04/2025
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
1 Апреля, 23:37
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаулық жас өнерпаздар ән қанатында қалықтады

15 Мая 2014 (05:01) | 6069 | Автор: Редакция

 

Мұрат Өскінбаев атындағы облыстық филармонияның концерт залында «Ән қанатында» деп аталған «Оқушы» орталығының ән салу үйірмесінің шығармашылық кеші өтті. Концертке аталмыш үйірмеге баратын балғын өнерпаздар қатысты.

 

Кештің шымылдығын ашқан өрендерді ән салу өнеріне баулитын ұстаз Нұрлыбаева Ұлболсын Хамзақызы концертті тамашалауға келген көрермендер мен жас әншілердің ата-аналарына арнап «Асыл елім менің» және «По дороге звезд» әндерін орындады.      

          

Ән кешінің сценарийі қалалық балғын қыздың жазғы демалысын ата-әжесі тұратын ауылда өткізіп, туған жердің көркем табиғаты мен таза ауасына, жан-жануарларға қызыға қарап, өнерге сүйсіну арқылы сұлулыққа, ізгілікке, мейірімділікке, бауырмалдыққа ұмтылуын суреттеуге құрылыпты.

 

Ән салу үйірмесінің жетекшісі Ұлболсын Нұрлыбаева: «Бүгінгі кешіміздің Ән қанатында» деп аталуының себебі-әнді біздің балғын өнерпаздарымыздың жоғарыға биіктеп, әдемі  қалықтап ұшатын қанаты деп есептейміз. Біздің мақсатымыз-балаларды эстетикалық, шығармашылық бағытта тәрбиелей отырып, олардың жүрегіне рухани байлықты орнатып, өнер жолының бір биігінен көрінгіміз келеді.

Сонымен қатар балаларға қазіргі заманда өнердің, мәдениеттің, табиғи әсемдіктің, сүйіспеншіліктің не екенін көрсету. Олардың бойына осыларды дарыта отырып, адами қасиеттерге бағыттауды мақсат тұтамыз.

 

 

Үйірмеге әртүрлі отбасынан шыққан балалар қатысады: аз қамтылған отбасының бүлдіршіндері, мүмкіндігі шектеулі және ата-анасының қамқорынсыз қалған балғындар да бар. Солардың үлкен сахналардан көрініп, өнердің биік шыңына шығуға талпынысын арттырғымыз келеді.

Жас өрендер-еліміздің ертеңі, біздің жарқын болашағымыз. Олардың бірі басшы болар ертеңгі күні, енді бірі жұмысшы болар, мейлі, қандай мамандықты таңдаса да жүректеріне мейірім шуағы мен адамгершілік асыл қасиеттер орнаса болғаны.

Өзім бұларды өнерге баулумен қатар ең жоғары адами қасиеттерге тәрбиелеуге тырысам. Менің үйреткенім, ең болмаса, осы балалардың біреуінің көзінен шоқ болып жанып жатса, еңбегімнің ақталғаны, мақсатыма жеткенім деп есептеймін»,-деді.

 

Кеш барысында «Ән салу» үйірмесінің белді мүшесі, бірнеше дүркін республикалық, облыстық, қалалық конкурстардың лауреаты, 2013 ж. облыстық «Астана-бас қаласы бар қазақтың» байқауының диплом иегері Иманғалиева Альфия М.Мақатаевтың «Бақыт», «Туған жер»  өлеңдерін нақышына келтіре мәнерлеп оқып, көрермендерді өз өнерімен тәнті етті. Өнерлі жас бүкіл концерттің басынан аяғына дейін сахнада болып, ауылға демалуға барған кішкентай қыздың ролін сомдап, ән салып, би билеп, кештің сәнін келтірді.

 

Сахнада әуелетіп ән шырқаған кішкентай өнерпаздар Қуанғали Еркебұлан, Сапар Жадыра, Жүрсін Жарылғап, Әміржан Айсұлтан, Қадірәлі Айгерім және т.б. көрермендердің көзайымына айналды. Өнерлі өрендердің баршасы да мың бұралып би билеп, әуезді әсем әндерімен сахна төрін жайнатты.

 

 

Ұлболсын Хамзақызының айтуынша, «Ән салу үйірмесіне 5 жастан бастап 17 жасқа дейінгі балалар қатысуда. Олардың арасында 2-3 жыл, тіпті 5-6 жыл бойына үзбей қатысып жүрген балғындар да бар. Жас өрендер өз өнерлерін көрсетуде талай жетістіктерге жетіп, республикалық «Ақ көгершін», «Бозторғай», «Жұлдыз-ай» байқауларына қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Жақында өткен облыстық патриоттық әндер байқауында да біздің балаларымыз үздіктер қатарынан көрінді. Әрине, біз алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруға талпынатын боламыз».

 

Бүлдіршіндердің өнерге деген ынта-ықыласын оятып, әсемдікке қызықтырып, сол арқылы жас өрендерді адами асыл қасиеттерге баулып жүрген Ұлболсын Хамзақызы сияқты ұстаздан тәлім алған жас ұрпақ келешекте қазақ елінің абыройын асқақтар ұланы болады деген үмітіміз бар.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему
загрузка...