Өткен жылды қорытындылады
Курс валют в Актау
на 18/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
18 Ноября, 03:18
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Өткен жылды қорытындылады

22 Января 2017 (17:16) | 1538 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

            Ақтау қаласы №2 сотының бас маманы А.Мұратқызының мәлімдеуінше, «Ақтау қаласы №2 сотына 2016 жылы барлығы 9480 талап арыз түскен және 8709 азаматтық істер аяқталған, оның ішінде 4334 іс бойынша шешім шығарылып, 359 іс өндірісі қысқартылған. Бүгінгі таңда, тараптардың дауды медиация тәртібімен шешу жолдары бойынша барлық жағдай жасалған. Атап айтқанда сот ғимаратында, арнайы медиация кабинеті ашылған, ол жерде кәсіби медиаторлар кеңес беріп, дауды сотқа дейін шешуге  ықпал етеді.

Сонымен қатар судьялар тарпынан да сот процессі кезінде, тараптарға дауды медиация тәртібімен аяқтау жолдары түсіндіріліп, істер оң шешімін тауып жатыр. Осыған дәлел 2016 жылы медиация тәртібімен 195 азаматтық іс аяқталған, бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 30 % артық азаматтық іс аяқталған».

-Барлық аяқталған азаматтық істердің 1135 азаматтық ісі неке бұзу туралы талап арыз бойынша қаралған. Оның 745 азаматтық ісі бойынша талап қанағаттандырылған, яғни некелері бұзылған. Бұл көрсеткіш те 2015 жылмен салыстырғанда 15 % - ға өскен және бүгінгі күнге өзекті мәселе болып табылады. Судьялар неке бұзу туралы азаматтық істі қарау барысында, ерлі-зайыптыларға татуласуға мерзім беріп, отбасын сақтап қалуы үшін жан-жақты заң аясында аяқтау жолдары түсіндіріледі, - дейді Ақтау қаласы №2 сотының бас маманы А.Мұратқызы.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему