Маңғыстау облыстық сотында соттардың БАҚ-пен байланыс жұмыстары талқыланды
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 17:16
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облыстық сотында соттардың БАҚ-пен байланыс жұмыстары талқыланды

21 Января 2017 (19:38) | 1985 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

 

Маңғыстау облыстық сотында соттардың 2016 жылдың 12 айында БАҚ-пен бірлестікте атқарған жұмыстарын талқылау және жаңа жұмыс бағытын айқындау мақсатында дөңгелек үстел өтті.

Бұл туралы біздің басылымға Маңғыстау облыстық сотының Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі хабарлады.

Шараға облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттардың БАҚ-пен байланысын үйлестіруші судьялары мен Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Соттардың ашық әрі қолжетімді жағдайда жұмыс жасауы ең алдымен Елбасының, содан соң Жоғарғы Сот төрағасының тікелей назарында. Маңғыстау облысының соттары ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген ұйымдастырушылық және ақпараттық-имидждік жұмыстарды жүйелі түрде іске асырып келеді.

Жиын барысында бірінші сөз алған Маңғыстау облыстық сотының БАҚ-пен байланысын үйлестіруші судьясы Айжан Молбаева бүгінде жергілікті соттармен ҚР Президенті мен Жоғарғы Соты тарапынан берілген тапсырмалардың дер кезінде орындалып, сот төрелігін жүзеге асыру сапасының артуы мен сот-құқықтық реформалардың маңыздылығын арттыруда жүйелі жұмыс жүргізіліп отырғандығын айтты.

-Бүгінгі ақпараттар мен технологияның дамыған заманында сот төрелігін атқаруда ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету негізгі міндет. Ал, оны жүзеге асыру, яғни ақпаратты БАҚ-қа бере білу соттардың ықтиярында.

Сондықтан, жұмыс нәтижелі жүргізілуде, десе де сот пен халық арасын байланыстыратын БАҚ-пен жұмыс жүргізуде кемшіліктер мен олқылықтардың да кездесіп жататыны жасырын емес. Осындай жайттың алдын алу, қорытынды жасап, келешекке бағдарымызды түзеу мақсатында тұрақты түрде бас қосу – дәстүрге айналып отыр, - деді Айжан Атшыбайқызы.

Осыдан кейін Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Г.Нұрханова 2016 жылдың 12 айында бұқаралық ақпарат құралдарымен атқарылған жұмыстарды тарқата баяндап, аудандық және оған теңестірілген соттардың рейтінгісі, ақпаратты дайындау талаптары, оны БАҚ-қа өткізе білу, ақпараттық желілер жұмысы туралы мәліметтерді келтірді.

-Өткен жылы облыс соттары республикалық және жергілікті БАҚ беттерінде - 2871 жарияланым жасаған. Соның ішінде мақала саны - 791, веб-сайт ақпараттары - 898, теле-радио арналардағы жарияланым - 225, БАҚ өкілдерінің сот қызметі туралы ақпараттары немесе ғаламтор жарияланымдары - 957.

ҚР Жоғарғы Соты мен Маңғыстау облыстық сотының интернет-ресурсы соңғы бес жыл көлемінде жұмыс жасап келеді. Сайтқа өңірдегі өзекті деген ақпараттар күнделікті салынып, жаңартылып отыр. Сайтқа жарияланған мақалалар арқылы БАҚ өкілдері сот жүйесінің жұмысы туралы өзге де ақпараттық порталдар мен басылым, телеарналарда ақпараттар таратуда. Сондай-ақ сайтта жарияланған ақпараттар шұғыл түрде Facebook ақпараттық желісі арқылы таратылуда. Осылайша соттардың жұмыстары барынша ашықтық пен жариялылылықты қамтамасыз етуде, -дейді Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Гауһар Нұрханова.

Жиын барысында осы бағыттағы жұмыстардың барлығы аудандық және оған теңестірілген соттардың үйлестіруші-судьяларымен және мамандарымен қадағаланып, дер кезінде орындалуы керектігі ескертілді.

Жалпы жұмыс бағытын жинақтай келе, 2016 жылы БАҚ-пен бірлестікте қызмет атқарған Жаңаөзен қаласының әкімшілік соты, Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі ауданаралық соты және Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының жұмыстары жоғары бағаланды. Барлық соттарға осы бағыттағы жұмыстарын жандандыру және тапсырмаларды талапқа сай орындау ескертілді.

Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарында сот және судья жұмысына және беделіне нұқсан келтірудің алдын алып, теріс пікірлерге дер кезінде ден қою, әлеуметтік желілерде сот жүйесінің қызметі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын дербес түрде жолға қою, соттарда өткізілетін әрбір шараға Үкіметтік емес ұйым мен БАҚ өкілдерінің қатысуын қамтамасыз ету, т.б. мәселелері талқыланды. Шара барысында әр қатысушы өз пікірін ортаға салып, тәжірибелерімен бөлісті.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему