Сот жүйесінде қолданылатын жаңа ақпараттық технологиялар туралы
Курс валют в Актау
на 17/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
17 Ноября, 17:22
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Сот жүйесінде қолданылатын жаңа ақпараттық технологиялар туралы

20 Января 2017 (13:06) | 4179 | Автор: Нурганым Имашева

 

Сот төрелігін жүзеге асыру, сот ісін жүргізудің ашықтығына қол жеткізу бойынша жұмыстарды оңтайландырудың перспективалық бағыттарының бірі ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану болып табылады.

 

Бұл туралы Маңғыстау облысының мамандырылған Ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Ш.О.Есбаганбетов әңгімелейді.

 

Азаматтар мен заңды тұлғалар үшін істі сотта қарауды жеңілдету және қол жетімді ету, сондай-ақ сот ісін жүргізуде инновациялық технологияларды кеңінен қолдану мақсатында қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот тарапынан 2016 жылдың 1-қаңтарынан бастап «Төрелік» ақпараттық жүйесі енгізіліп, төмендегі іс шаралар жүзеге асырылды.

 

Олар: 1) Қазақстан Республикасы сот жүйесінің жетілдірілген Интернет-ресурстары; 2) Сот процесіне қатысушыларға SMS-хабарлама жолдау және оларды электрондық пошта арқылы хабардар ету жүйесі; 3)«Сот құжаттарымен таныстыру» сервисі; 4) «Істерді қарау тізімі» сервисі; 5) «Сот кабинеті» сервисі; 6) «Сотқа шақыру қағазы» сервисі; 7) Сот органдарының бірыңғай 1401 нөмірі бар Call-орталығы.

 

Сот органдарымен «Қазпошта» АҚ ақпараттық жүйелерін біріктіру жүргізілді, сондай-ақ, Республиканың барлық жергілікті соттары мен облыстық және оларға теңестірілген соттардың кеңселері «Мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі» құрамына кіргізілді.

 

Сот жүйесін аудио және аудио-бейне фиксацияның (бұдан әрі – АБФ) жетілдірілген жүйелерімен жабдықталды, сондай-ақ компьютерлер мен ұйымдастыру техникасымен жабдықтау бойынша жұмыстары жүргізілді.

Қазіргі таңда Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотындағы 4 сот мәжіліс залы АБФ-ның жаңа жүйелерімен жабдықталған. Сот хатшылары қазір бұрынғыдай сот мәжілісінің хаттамасын жасақтамайды, тараптардың сот мәжілісінде айтқан сөздері аудио-бейне таспасына жазылып алынып, сот мәжілісі аяқталғасын олардың өтініштері бойынша қолдарына беріледі.

 

Сонымен қатар, қазіргі таңда сот ісін жүргізуді автоматтандыру және оңтайландыру мақсатында «Сот кабинеті» және «Сот құжаттарымен танысу» ақпараттық сервистері іске асырылуда.

 

 

«Сот кабинеті» - бұл сот органдарының онлайн сервистері мен қызметтеріне рұқсат алуға арналған бірыңғай терезе. Ол арқылы азаматқа, оның өкілі немесе адвокатқа өзіне қолайлы кез-келген уақытта үйінен, кеңсесінен шықпастан, интернет желісі арқылы арызды (өтінішті), шағым және наразылықты электрондық түрде жолдауға, мемлекеттік бажды онлайн режимде төлеуге, сот құжатын, сондай-ақ істің статусын көруге және сот актісінің көшірмесін басып шығарып алуға, сонымен қатар процессуалдық мерзімдерді қадағалауға мүмкіндік берілген.

 

2016 жылы «Сот кабинеті» сервисі арқылы электрондық түрде Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына 2411 құжат, оның ішінде 1966 талап арыздар, ал қалғандары басқа арыздар (өтініштер), шағымдар мен наразылықтар берілген.

 

«Сот құжаттарымен танысу» сервисі сот өндірісінің жеделдігі мен қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін электрондық сот құжаттарымен танысуға арналған.

 

Сотқа талап арызбен (шағыммен) жүгінген азамат оның тіркелгені туралы талон алады. Одан кейін электрондық хабарлауға келіскен жағдайда оның ұялы телефонына немесе электрондық поштасына оның арызы бойынша сот құжатының шыққаны және онымен сайт арқылы таныса алатындығы жөнінде логин мен құпия сөз көрсетілген SMS-хабарлама жіберіледі. Бұл ретте азаматтар сот құжатын алуға сотқа барып уақытын кетіріп, қаражатын шығындаудың қажеті жоқ.

 

Сонымен қатар, сот процесіне қатысушыларды жедел хабардар етуден басқа бұл сервис пошталық хабарламаларды жолдаудан бас тартуға мүмкіндік беретінін атап айтқан жөн. Бұл пошталық шығындарға бөлінетін бюджет қаражатын айтарлықтай қысқартады.

 

Азаматтар мен ұйымдарды сот қарауына шақыру туралы SMS-хабарлау және шақыру, сондай-ақ қабылданған сот құжаттары туралы азаматтарға жедел ақпарат беру сервисі де іске қосылған.

 

АБФ шеңберінде соттарды бейнеконференция-байланыс жүйелерімен жабдықтау жолымен сот төрелігін қашықтықтан іске асыру мүмкіндігі де іске қосылды.

 

Мысалы, 11.01.2017 жылы жауапкердің тергеу излоляторында отыруына байланысты, судья Р.Бейсенов сот мәжілісін бейнеконференция байланыс жүйесі арқылы жүргізіп, жауапкердің жауабы алынды.

 

Сонымен қатар, сот жүйесіне «Гибридті электрондық пошта» (бұдан әрі – ГЭП) енгізілді.

 

Тапсырыс бойынша гибридті жөнелтілімдер технологиясын қолдану кезінде жергілікті соттардан жолдауға арналған ақпарат (сотқа шақыру қағазы) пошта байланысы бөлімшесіне электрондық түрде жолданады, «Қазпошта» АҚ жағында қағазға басылып, пошталық конвертке буып-түйіліп, соңғы адресатқа жеткізіледі. Бұл ретте жеткізілу немесе жеткізілудің мүмкін еместігі туралы статустар «Төрелік» ақпараттық жүйесінде көрсетіледі.

 

Сот жүйесінде заманауи технологияларды, оның ішінде жоғарыда айтылған функцияларды пайдалану сот ісін жүргізуді жеңілдетеді, төрешілдік кедергілерді қысқартады, сот органы қызметкерлерінің азаматтармен байланысын азайтады. Бұл сыбайлас жемқорлықтың қысқаруына септігін тигізеді, халықтың уақыты мен қаражатын үнемдейді, еліміздің халқы үшін сот жүйесінің максималды ашықтығы мен қолжетімділігіне жетуге мүмкіндік береді.

 

Сот жүйесі үшін бұл – сот төрелігін іске асыру үрдісін жеңілдету, сот ісін жүргізуді оңтайландыру және автоматтандыру, ақпараттық технологияларды дамыту, бюджет қаражатын үнемдеу болып табылады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему