«Құрық» портының паромы ақпанда іске қосылады
5 Января 2017 (15:40) | 2247 | Автор: Мира Ботабекова
Маңғыстау облысындағы Құрық портының паромы ақпан айында іске қосылады. Екі өткел-көпір бірден 2 кемені қабылдауға мүмкіндік береді. Әзірге оның біреуі ғана жұмыс істеп тұр. Тағы бір пирс – әмбебап. Ол «Ро-Ро» секілді көлік түрлерін қабылдай алады. Бұл туралы Қарақия ауданында жүрген Парламент Мәжілісі «Нұр Отан» фракциясының депутаттарына баяндалды. Бұл туралы «Хабар24» арнасы хабарлады.
Халық қалаулылары «Нұрлы жол» және Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасына енген жобаның жүзеге асырылу барысымен танысты. Жоба құны – 32 млрд теңге. Биыл батыс және шығыс қоршағышының құрылысы аяқталып, кешен межелі мерзімде ашылуы тиіс.
Порт жыл бойы тоқтаусыз жұмыс істейді. Бұл Каспий аймағы бойынша мұнай өнімдерін, тыңайтқыш және химиялық заттар мен басқа да жүктерді тасымалдауға мүмкіндік береді.
Игорь Проценко, «Құрық порты» ЖШС бөлім басшысы:
- Бүгінгі таңда 178 кеменің сандық жоспары бар. Бұл 2017 жылдың соңына дейін орындалады. Тағы да тапсырыс болады.
Сәкен Өтебаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Өткелге келген мақсатымыз – Ұлттық қордан бөлінген қаржының қалай пайдаланылып жатқанын көру. Екінші мақсатымыз – порттың жұмысымен танысу, үшіншісі – ұжымдармен кездесіп, Үкімет алдында көтеруіміз тиіс мәселелер болса, анықтау.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему