Жаңа цех шұжықтың 15 түрін шығарады
28 Декабря 2016 (17:15) | 2698 | Автор: Мира Ботабекова
Ақтаулық кәсіпкерлер жаңа жылға тамаша тарту жасады. Шаһарда ет өңдейтін жаңа цех іске қосылды. Осының арқасында Маңғыстау облысының аудан-қалаларында сапалы шұжықтың 15 түрі бөлшек және көтерме бағада саудаланып жатыр.
Бұл шағын және орта бизнес өкілдерін қолдау бағдарламасының жемісі. Кәсіпкерлер мемлекет қолдауымен жайлы ғимаратқа және қажетті құрал-жабдықтарға ие болды. Кәсіпкер Амангелді Тасқымбаев отандық өнім шығарумен айналысады. Ол басқаратын цехта асылған, тұздалған, жартылай қақталған, қысқасы шұжықтың түр-түрі шығарылады. Шағын цехтың өнімдері облыс нарығына екі жылдан бері шығып келеді.
Амангелді Тасқымбаев, ет өнімдерін шығаратын шағын цехтың жетекшісі:
- Бүгінгі таңда шұжық өнімдерінің 15 түрі шығарылып, өндіріліп жатыр. Шұжық өнімдерімізді халал стандартпен жасап жатырмыз. Әрине халық та риза шығар. Байқасақ, тойханалардан, мейрамханалардан бізге тапсырыс келіп жатыр.
Мекемедегі 4 жұмысшы күніне 300 келі шұжық және ет өнімдерін өндіреді. Цех қуаты айына 15 тонна дайын өнім шығаруға қауқарлы. Өнімдер таза әрі сапалы технология бойынша әзірленеді.
Салахиддин Ташбулатов, өндіріс технологы:
- Біз мұздатылған етті пайдаланбаймыз. Жергілікті және қазақстандық шаруалардан алынған балғын ет пен табиғи қоспаларды кәдеге жаратамыз. Қазы және жартылай қақталған шұжықтарымыз халал стандарты бойынша дайындалады. Сақтау мерзімі 40 күнге дейін. Бұл өте маңызды.
«Кәсіпкер өндірісті кеңейтіп, консервіленген ет өнімдерін шығаруды да жоспарлап отыр. Бұл жаңа жұмыс орындарының ашылуына сеп болмақ»,-деп жазады «Хабар24» арнасы.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему