Жаңа жыл мерекесі туралы қызықты деректер
28 Декабря 2016 (17:12) | 4402 | Автор: Мира Ботабекова
Жаңа жыл мерекесі қай кезден тойлана бастады? Шыршаны қашаннан бастап безендіру дәстүрге айналды? Жаңа жылда не үшін от шашу пайдаланылады? Жаңа жыл мерекесіне қатысты осындай сан мыңдаған сауал көпті қызықтыратыны рас. Сондықтан біз бүгін Жаңа жыл мерекесі жайындағы қызықты деректерге кезек береміз.
1. Үйге жаңажылдық шыршаны әкеліп, безендіру адамзат баласына 150 жыл бұрын бұйырған екен.
2. Жаңа жылды орыс патшалығы үш ғасыр бұрын 1 қыркүйек күні атап өткен. Тек І Петр келген соң, 1 қаңтарға ауыстыруға үкім шығарған.
3. Аустралия елінде жаңажылдық мерекелік дастархан үстіне құс етінен жасалған тағамдар қойылмайды.
4. АҚШ-та Ақ Үй алдында алғаш рет 1895 жылы шыршаға ілінген электрлі түрлі-түсті тізбек жанған.
5. Кеңес кезінде түсірілген «Тағдыр тәлкегі немесе жеңіл буыңызбен!» («Ирония судьбы, или с легким паром») киносы теледидарда 31 желтоқсан сайын 35 жыл көрсетіліп келе жатыр. 6. Жаңа жылда отшашуды не үшін пайдаланатынымызды білесіз бе? Бұл дәстүр Азияда қалыптасқан. Фейерверктің шу мен оттарынан жамандық атаулы қашады деп есептеген.
7. Бразилияның астанасы Рио-де-Жанейро қаласына әлемдегі ең биік шырша орнатылған. Оның биіктігі – 76 метр.
8. Аяз Атаның немересі болған Ақшақар тек 20-ғасырдың 50-жылдарында ғана «дүниеге келген».
9. 1516 жылы Англияда Генрих VIII-нің үйінің есік алдына құрылған шырша алтыннан құйылған.
10. Жаңажылдық шыршаны безендіру ең алғаш Эльзас (сол кездерде Германия құрамында болған, қазір Франция елінде) қаласында бастау алған. Безендіру үшін түрлі-түсті қағаздардан раушан гүлдерін жасаған. Шырша бұтақтарына алма, печенье, шақпақ қанттар мен жылтырақ әшекейлерді ілген.
11. Санта Клаустың бұғыларының есімдері: Дэшер, Дэнсер, Прэнсер, Виксен, Комет, Кюпид, Доннер, Блитцен.
12. Жаңажылдық шыршаны безендіруге арналған әйнек шырша шары (ойыншықтар) ең алғаш XVI ғасырда Тюринги қаласында жасалған. Осындай тағы басқа шырша ойыншықтары тек XIX ғасырда ғана жаппай өндіріле бастаған. Шыны ұсталары әйнек ойыншықтар жасаса, көмекшілері картон қағаздан қоңырау, жүрек, жануарлардың бейнелерін, шар, шырша бүршігін, жаңғақ сынды түрлі бейне қиып, ашық түстермен бояған.
13. 1843 жылы Лондонда алғаш ашық құттықтау хаты басылған.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему