Шыршаны отсыз жағамыз
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 08:40
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Шыршаны отсыз жағамыз

24 Декабря 2016 (09:02) | 2651 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

Жаңа жыл мерекесін тойлауға да санаулы күндер қалды. Көптеген мектептерде, балабақшаларда, мәдениет үйлерінде және басқа да мекемелерде залды безендіру және шыршаны орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Осыған орай Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері азаматтық қорғау лейтенанты Нұрсұлтан Абдираш мерекені тойлау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы ескертеді.

-Өкінішке орай, мереке жүргізушілері мен жауапты тұлғалар өрт қауіпсіздігі жөнінде есте сақтап жүрмейді. Жаңа жыл мерекесін жүргізуде және шыршаны орнатуда өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажет.

 Шырша берік және мықты орнатылуы керек. Шыршаны әрлі-берлі өтетін немесе шыға берісте орнатпау керек. Қабырға мен шыршаның және төбемен шыршаның арасы жарты метр болуы қажет.

Мекеменің баспалдақ торларынан немесе сыртқы шыға берісте, екі эвакуациялық шығу жолдары болу қажет, сонымен бірге өртке қарсы құралдармен қамтамасыз етілуі қажет.

Шыршаны безендіру барысында, тез жанатын целлуоиданы, мақтаны, қағаздарды және тағы да басқа тез жанғыш заттарды қолдануға тыйым салынады.

Шыршаның иллюминациясын рәсімдеуде, өте тәжірибелі электрмонтер орнату керек. Шыршаның иллюминациясының түсіруші трансформатор арқылы жоғары кернеулі тоқтың төмендеу жағымен 24 В-тан жоғары емес орнату қажет.

Шырша – электрқұрылу орнатуының ережесіне сай, мықты монтаждалып құрылуы тиіс.

Бенгальдық оттармен, пиротехникалық оттармен, шартылдақ және басқа да химиялық заттармен жарық әсер туғызуға тыйым салынады.

Мерекеге қатысып отырған жұрттың бір адамына 0,75 шаршы метр есептеледі. Адамдардың саны ережеге сай болу керек, өйткені адамның көп болуы өте қауіпті.

Мерекелік шараны өткізу персоналы (олар жаңа жыл мерекесін өткізу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын біліп және өрт оқиғасы болып қалған жағдайда өрт  күзетін шақыру ережесін білулері қажет) міндетті түрде өртке қарсы нұсқаулықпен танысу қажет. Мереке аяқталғаннан кейін міндетті түрде бөлмені тексеру керек, - дейді Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері Нұрсұлтан Абдираш.

Маманның мәлімдеуінше, «Пиротехникалық бұйымдар туралы арнайы ескертулер айту керек. Шартылдақтар мен петардалардың міндетті түрде сертификаты болу керек.

 Сапасыз сатылған тауарлар тек сатып алушыларға ғана емес, сатушыларға да қауіпті әсерін тигізеді. Ақтау қаласының дүкендерінде сапасыз сатылған тауарлардан өрт оқиғалары болған.

Алдағы уақытта адамдарға қауіп төнер жағдай туғызбау үшін және төтенше оқиғаларды болдырмау үшін Ақтау қаласы ТЖ басқармасы қызметкерлері полиция қызметкерлерімен бірге сапасыз тауарларды сату орындарына рейд жұмыстарын жүргізеді. Сапасыз тауарларды сатқан кінәлі тұлғалар айыппұл төлеу түрімен әкімшілік жауапкершілікке тартылады».

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему