Түркиялықтарға көңіл айтты
16 Декабря 2016 (17:04) | 1635 | Автор: Мира Ботабекова
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Әнуар Шөжеғұлов Ақтау қаласындағы Түркия Республикасының Бас консулдығына барды.
Әнуар Шөжеғұлов Ыстанбұл қаласында орын алған террорлық әрекетке байланысты «Көңіл айту кітапшасына» аймақ басшысының және Маңғыстау облысы тұрғындарының атынан қаза болғандардың отбасыларына және жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
«Ыстамбұлда болған лаңкестік әрекеттердің салдарынан құрбан болған жазықсыз азаматтардың қазасына қайғырудамыз. Құрбан болғандардың туған-туыстары мен жақындарына, Маңғыстау облысы әкімінің және тұрғындарының атынан көңіл айтамын».
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему