Маңғыстаулық қазылар сот мантияларын спорттық киімге алмастырды
Курс валют в Актау
на 24/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
24 Ноября, 17:26
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық қазылар сот мантияларын спорттық киімге алмастырды

13 Декабря 2016 (11:45) | 2662 | Автор: Нурганым Имашева

 

Маңғыстау облыстық сотының ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өңір соттарының арасында «Досан батыр» спорт кешенінде спорттық ойындардан жарыс өтті.

Шараны өткізудегі мақсат – судьялар мен сот қызметкерлері арасында дене шынықтыру мен спортты салауатты өмір салты ретінде кеңінен насихаттау, жұмысқа деген жоғары қабілеттілікті қолдау және мықты спортшылар мен өнерлі қызметкерлерді анықтауға бағытталған.

Спорттық шараға Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Ж.Аланов, алқа төрағалары, облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттардың ұжымы мен үкіметтік емес ұйымдардың және БАҚ өкілдері қатысты.

Спорттық сайыстарға ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына сәйкес 25 ойыншыдан тұратын 5 команда қатысты. Атап айтқанда, «Әділет» (Маңғыстау облыстық соты), «Бейбітшілік», (Жаңаөзен қалалық соты мен Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік соты), «Ынтымақ», (Түпқараған, Маңғыстау, Бейнеу, Мұнайлы аудандық соттары), «Азаттық», (Ақтау қалалық соты, экономикалық сот, Ақтау қалалық әкімшілік соты), «Бірлік», (Маңғыстау облысы мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты, кәмелетке толмағандар соты, Ақтау қаласының №2 соты, Қарақия аудандық соты).

Жарысқа қатысушы командалар бір-бірінен бірыңғай киім үлгісімен ерекшеленді. Сондай-ақ, шара барысын арнайы қадағалап, төрелік айтып отыру үшін кәсіби төрешілер мен қазылар алқасы бекітілді.

Облыстағы қазылар сот мантияларын спорттық киімдерге алмастырып, шаршы алаңда спорттық ойындарға белсене кірісті. Әр команда 5 адамнан құралып, алты кезең бойынша сынға түсті.

Алғашқы кезеңде командалар өзара сәлемдесіп, топтың атымен және ұрандарымен таныстырды. Екінші кезең «Көңілді эстафета» деп аталып, команда мүшелері қаппен жүгіру, жүйрік ат (допты секіртіп жүгіру), допты жеткізу, секіргішпен жүгіру және жүк көтеріп жүгіру бойынша бақ сынасты.

Үшінші кезең «Асық-party» деп аталып, қатысушылар бір сәтке алаңсыз асық ойнаған балалық шақтарын есіне түсіріп, қорғасын құйылған сақаларын ортаға лақтырды. Бұл кезеңде облыстық сот төрағасы Ж.Аланов өзі асық атудан өзгелерге үлгі көрсетті.

Төртінші кезеңде әр топ мүшелері тепе-теңдікті сақтап, ептілікке баулитын «ләңгі» тепсе, бесінші кезеңде 16 келілік гір тасын көтеруден топ мүшелері сынға түсті.

 Соңғы кезеңде командалар бір-бірімен арқан тартысып, қара күш иелері анықталды.

Нәижесінде бірінші орынды жеңіске деген зор құлшынысымен ойын көрсеткен «Әділет» командасы жеңіп алса, екінші орынды «Азаттық» командасы қанжығалады.

Ойыншыларының бірлігімен, шапшаңдығымен көзге түскен «Бірлік» командасы үшінші орынға тұрақтады. Ойыншылар ішінде әрі желаяқ, әрі мерген, әрі шапшаң қимылымен көпшілік назарын өзіне қаратқан облыстық соттың жетекші маманы Гүлбаршын Берішбаева «Үздік ойыншы» номинациясын жеңіп алды.

-Барлық жеңімпаздар арнайы дипломдармен, кубоктармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Осылайша облыс соттары салауатты өмір салтын насихаттай отырып, қолданыстан шыға бастаған ұлттық ойындарды жаңғыртуға үлес қосты. Аға буын өкілдері балалық жақтарын еске алса, жастар жағы үлгі алды, - деп хабарлайды біздің басылыммен осы жағымды жаңалығымен бөліскен Маңғыстау облыстық сотының Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему