Террористік және экстремистік қылмыстар жөнінде
Курс валют в Актау
на 23/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
23 Апреля, 14:36
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Террористік және экстремистік қылмыстар жөнінде

12 Декабря 2016 (16:17) | 3680 | Автор: Мира Ботабекова

 

Терроризм қазіргі заманда халықаралық сипатқа ие болған, қоғамға өте қауіпті қылмыстар қатарына жатады. Оның қауіптілігі сонда, террорлық әрекеттер адамдарды қазаға ұшыратуға, елеулі мүліктік зиян келтіруге, жарылыс жасау, өрт қою, тағы басқа әрекеттермен түрлі зардаптар қаупін төндіруге соқтырады. Бұл қылмыстар бойынша қылмыс құрамының объектісі қоғамның қауіпсіздігі болып табылады. Қылмыстың оъективтік жағы терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жариялы түрде шақыру, сондай-ақ көрсетілген мазмұндағы материалдарды тарату болып табылады. Жасы 14-ке толған кез келген есі дұрыс адам осы қылмыстардың субъектісі бола алады. Ал қылмыстың субъективтік жағы кінә нысанындағы қасақаналықпен сипатталады.

Айта кететін нәрсе – осы санаттағы қылмыстар бұрын біздің облыста өте сирек қаралатын. Соңғы жылдары мұндай қылмыстардың көбейе бастағаны алаңдатады.

Мәселен, Асадова деген азаматша Ақтау қалалық сотының 29 қаңтар 2015 жылғы үкімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 233-1 бабының 1-бөлігінде (бұрынғы редакция бойынша) көзделген қылмыстық әрекеттерді жасағаны үшін төмендегідей мән-жайларда кінәлі деп танылған.

Сотталушы Асадова 2014 жылдың басынан бастап Ислам діни сенімінің жолын ұстанушы болып, әлеуметтік желілерден, бейнежазбалардан Сирия Араб Республикасындағы әскери қимылдар жөніндегі деректермен танысып, содан соң терроризм мен экстремизмді насихаттау, ислам дінінің басқа діндерден артықтығы жөнінде уағыздау әрекеттерін жүргізумен айналысқан. Исламдық дәстүрге жат агрессиялы, радикалдық теріс ағымдарын ұстанып, қасақана, діни алауыздықты қоздыруға және терроризмді насихаттауды ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып тарату мақсатында, діни сенімге кірген, дін жөнінде түсінігі аз тұлғаларға Сириядағы соғыс қимылдарына қатысушы халықаралық террористік ұйымдардың әрекеттерін қолдап, насихаттаған.

            Асадованың Маңғыстау облысы аумағында өзінің қасақана қылмыстық ниетімен терроризм мен экстремизмді насихаттау әрекеттерін жасағаны басты сот талқылауында зерттелген дәлелдемелермен күмәнсіз анықталған.

            05.12.2014 жылғы сараптама қорытындысында, Асадова арқылы жасалып, жолданған электрондық және аудиожазбалардың мәтіндерінде террористік, экстремистік әрекеттерді насихаттау мағынасы, сондай-ақ, ислам жолын ұстанушы мұсылмандардың «қарулы джихадқа» қатысуын қолдайтыны жөніндегі көзқарастары бар екені нақты көрсетілген. Жазбалардағы дауыс Асадоваға тиісті екені, жазбаларда монтаждау белгілері жоқтығы сараптамалық жолмен анықталған.

            Сот үкімі бойынша Асадова жоғарыда көрсетілген қылмыстық әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айыруға сотталып, жазасын түзеу колониясының жалпы режимінде өтеуге белгіленді.

            Биылғы жылдың өзінде осындай қылмыстық әрекеттер жасаған бұдан да басқа бірнеше тұлғалар сот үкімдерімен ұзақ жылдарға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды. Аталған қылмыстық істер бойынша сот үкімдері заңды күшіне еніп, орындауға жолданды.

Соттар мұндай қылмыстардың қоғамға өте үлкен қауіп төндіретін, адамзатқа орны толмас зардап келтіретін сипатына ерекше назар аударып, қылмыстық әрекеттердің саралануы мен соған сәйкес жазаның түрі қолданылуына мұқият көңіл бөледі.

Мұндай қылмыскерлердің қауіптілігі сонда – олар дін жөнінде сауаты төмен, оқуда немесе жұмыста жоқ, бос жүрген жастарды еліктіріп, сенім ұялатып, оларды мүлдем теріс бағытқа айдап салады. Соның салдарынан ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін білмей адасып жүрген жастар қаншама? Сол себепті бұл мәселенің түп тамырына терең назар аударып, осы санаттағы қылмыстың кең таралып кетпеуіне тиісті мекемелер арқылы қатаң шаралар алынуға тиіс деп ойлаймыз. Бұл шаралардан жастардың болашағына бей-жай қарамайтын, ұлтжанды әрбір азамат шет қалмауы қажет. Бердібек Мырзабеков, Маңғыстау облыстық сотының судьясы.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему