Сот қызметкерлері волейболдан жарысты
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 19:19
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Сот қызметкерлері волейболдан жарысты

3 Марта 2018 (18:44) | 3260 | Автор: Нурганым Имашева

Салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортпен шұғылдану –деніміздің сау болуының басты кепілі. 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай Судьялар Одағының Маңғыстау облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Маңғыстау арена» спорт кешенінде әйелдер арасындағы волейболдан жарыс өтті.

 

 

Шараны өткізудегі мақсат – судьялар мен сот қызметкерлері арасында дене шынықтыру мен спортты насихаттау арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыруға үлес қосу, судьялар мен қызметкерлердің белсенділігін арттырып, жұмысқа ынталарын арттыру, сондай-ақ спортшылар мен өнерлі қызметкерлерді анықтау.

 

Спорттық шараға Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ержан Қарабаев, азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсапа Примашев, соттар әкімшісінің басшысы Хыдыр Бегалиев, облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттардың ұжымы қатысты.

 

 

Волейболдан жарысқа  Маңғыстау облысы соттарының судьялары мен кеңсе қызметкерлерінен құралған 6 команда сынға түсті.

 

Атап айтқанда, «Азаттық» (Маңғыстау облысы мамандандырылған экономикалық соты, Ақтау қаласы мамандандырылған әкімшілік соты), «Бейбітшілік» (Ақтау қалалық соты, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты), «Бірлік» (Жаңаөзен қалалық соты, Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік соты), «Әділет» (Маңғыстау облыстық соты), «Ынтымақ» (Түпқараған, Мұнайлы, Маңғыстау, Қарақия аудандық соттары), «Қазақстан» (Ақтау қаласы № 2 соты, мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі соты) командалары.

 

Спорттық сайыстың ашылу салтанатында ерлер қауымы құттықтау сөз сөйлеп, сот залын спорттық сарайға, мантияны спорттық жейдеге алмастырып, шаршы алаңда топ жаруға жиналған ойыншыларға сәттілік тіледі.

 

 

- Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев дене шынықтыру мен спорт мемлекеттің айрықша назарында екенін айтып келеді. Саламатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті болып саналады. Әрбіріміз дені сау ұлт қалыптастырып, бәсекеге қабілеттілігімізді арттыруымыз керек, - деді Ержан Қарабаев.

 

Тартысты өткен  бәсекеде командалар бір деммен өз командалары үшін  аянбай тер төкті. Топтық ереже бойынша бақ сынаған командалар ішінде бірінші орынды жеңіске деген зор құлшынысымен ойын көрсеткен «Әділет» командасы жеңіп алса, екінші орынды «Қазақстан» командасы қанжығалады. Ойыншыларының бірлігімен, шапшаңдығымен көзге түскен «Азаттық» командасы үшінші орынға тұрақтады.

 

Төрешілердің келісімімен ерекше ойын көрсеткен жеке ойыншылар да арнайы марапаттардан құр қалмады. Атап айтқанда, облыстық соттың судьясы Гүлжахан Иманғалиева «Спортқа барлық жас бағынады» номинациясымен, Ақтау қаласы №2 сотының судьясы Ақмарал Ахметова «Үздік доп беруші» және облыстық соттың жетекші маманы Гүлбаршын Берішбаева «Үздік ойыншы» номинациясын жеңіп алды.

 

 

Барлық жеңімпаздар арнайы дипломдармен, кубоктармен және 20000-50000 көлемінде ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

 

Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі

 

Cуретті түсірген Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему