Қашып жүрген қылмыскерлер мен хабар-ошарсыз жоғалғандарды іздеп,  табу жұмыстарында заң бұзушылықтар анықталды
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 07:18
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Қашып жүрген қылмыскерлер мен хабар-ошарсыз жоғалғандарды іздеп, табу жұмыстарында заң бұзушылықтар анықталды

11 Декабря 2016 (09:25) | 1885 | Автор: Нурганым Имашева

 

Ақтау қаласының прокуратурасы тарапынан қылмыскерлерді ұстауға, із-түссіз жоғалған адамдарды және жеке бастары анықталмаған мәйіттерді анықтауға бағытталған жедел-іздестіру қызметінің тиімділігіне ерекше көңіл бөлініп отырады.

Қазіргі таңда, Ақтау қаласы аумағы бойынша 37 қылмыскерлерге қатысты, 17 хабар-ошарсыз жоғалғандарға және 14 мәйіттің жеке бастарын анықтау бағытында іздестіру істері бар.

Қала прокуратурасымен қалалық ішкі істер Басқармасында (әрі қарай – қалалық ІІБ) тексеру жүргізу барысында қалалық ІІБ-ның қызметкерлерімен жедел-іздестіру қызметінің бағытында атқарылған жұмыстары ҚР «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Заңының, ҚР Бас прокурорымен және ішкі істер министрімен бекітілген Бұйрықтарының талаптарына сәйкес ұйымдастырылмайтындығы анықталды.

-Атап айтқанда, 17.07.2013 жылы қалалық ІІБ ТБ-мен Қазақстан Республикасы ҚК-нің 24 быбының 3-175 бабы 2 бөлігінің «в» тармағымен (ескі редакция) күдікті «Е»-ге қарсы қылмыстық іс қозғалып, аталған істі негізінен қарау үшін сотқа жолданған.

Сотта айыпталушы «Е» сот тергеуіне келмей бой-тасалап кетуіне байланысты, 09.07.2013 жылы Ақтау қалалық сотымен іздеу жарияланып, жедел-іздестіру жұмыстарын ұйымдастыру үшін қылмыстық іспен бірге, іздеу жариялау туралы сот қаулысы қалалық ІІБ-на жолданған.

ҚР «Iшкi iстер органдары туралы» Заңының 5 бабының талаптарында, ішкі істер органдарының қызметкерлері қылмыстарды анықтау, олардың алдын алу, жолын кесу, қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған, қылмыстық жазаны атқарудан және өтеуден жалтарған, хабарсыз кеткен адамдарды iздестiрудi ұйымдастыру іс шаралары өз дәрежесінде жүргізеді деп көрсетілген.

Сондай-ақ, ҚР Бас Прокурорының 10.07.2014ж. №71 санды бұйрығымен бекітілген «Арнайы есепке алудың жекелеген түрлерін жүргізу мен пайдалану туралы» Қағиданың 118 тармағына, іздеу ісін ашудың негізі соттың айыпталушыға, сотталғандарға және басқа санаттағы ізделушілерге іздеу жариялау туралы қаулысы болып табылады және іздестіру ісі 3 тәулік ішінде ашылады деп нақты мәтінделген.

Қалалық ІІБ-мен айыпталушы «Е»-ге қатысты іздестіру ісі ашылмай қылмыстық іс мұрағатта 34 ай заңсыз сақталған.

Ал, сот үкімдері мен өзге де қаулылары Республиканың бүкіл аумағында күші болады және оны орындауға барлық органдар міндетті. Алайда, аталған соттың қаулысы қалалық ІІБ-мен орындалмаған.

Көрсетілген заң бұзушылықтарды жою және оны болдырмау мақсатында қала прокуратурасы тарапынан ықпал ету актісі енгізіліп, нәтижесімен кінәлі қызметкерлер қатаң тәртіптік жауапкершіліктерге тартылды, - деп хабарлайды Ақтау қаласының прокуратурасы.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему